Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 267 · қабылданған 29.05.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-46685/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы Қолданыста 29.05.2009 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Қолданыста Қаулы № 267 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
267
Қабылданған күні
29.05.2009
Қолданысқа енгізілген күні
11.07.2009
Көрсетілген редакция
29.05.2009 · қолданыстағы AI46685_0.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09GH000083
ЭКБ идентификаторы
46685
Редакция идентификаторы
AI46685_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:59
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабы 3 тармағына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығы және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысы негізінде, Т. Рысқұлов аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамда құрылсын:

Жолдас Бақытжан Жолдасұлы
«Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Әзімбаева Гаухар Аманқұлқызы
«Т. Рысқұлов ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Сегізбаев Болат Тұрмаханұлы
«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Т. Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Джакияев Нұртай Қалиұлы
«Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау басқармасының Т. Рысқұлов ауданы орталық аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері, медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Сүйінбаева Айнагүл Орынтайқызы
«Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау басқармасының Т. Рысқұлов ауданы орталық аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

3. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру комиссиясында қоғамдық негізде жұмыс істеу үшін, «Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесін алты қызметкермен қамтамасыз етсін.

4. «Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Т. Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) өз құзіреті шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 17 сәуірінен туындаған қатынастарға таралады.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ахтан Ахатұлы Қарсыбаевқа жүктелсін.

«КЕЛІСІЛДІ»:

«Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау

басқармасының Т. Рысқұлов ауданы

орталық аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік

қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері

Джакияев Нұртай Қалиұлы

29 мамыр 2009 ж.

«Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы

қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы

Жолдас Бақытжан Жолдасұлы

29 мамыр 2009 ж.

«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің

Т. Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі»

мемлекеттік мекемесі бастығы

Исабеков Бақберген Айтжанұлы

29 мамыр 2009 ж.