2009 жылға арналған жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау, жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2009 жылға арналған жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету тур от 29.05.2009 г. № 09/07 (2009 жылға арналған жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы)
1. Жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға және өз бетінше жұмысқа орналасуды қамтамасыз етуге материалдық көмек беру жөнінде қорытынды дайындау мақсатында аудандық комиссия құрылсын (N 1 қосымша).
2. Аудандық комиссия материалдық көмектің мақсаты мен тиімді пайдалануын қатаң қадағаласын.
3. Жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға берілетін материалдық көмек 50920 (елу мың тоғыз жүз жиырма) теңге мөлшерінде белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә.Т. Әбдікеровке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
аудан әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы
Әбдікеров Әбусағит Түгелбайұлы
ауданның жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
бастығы орынбасарының міндетін
атқарушы
Орынбаев Нұржан Серікұлы
ауданның жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Ахметбеков Абзал Мәжитұлы
аудандық кәсіпкерлік бөлімінің
бастығы Ауғанова Гүлнар Мәдениетқызы
аудандық қаржы бөлімінің
бастығы Шайхин Тасболат Зайырұлы
2009 жылғы 29 мамырдағы N 09/07
аудан әкімдігінің қаулысына
N 1 қосымша
Жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға және өз бетінше жұмысқа орналасуды қамтамасыз етуге материалдық көмек беру жөнінде қорытынды дайындау мақсатында аудандық комиссияның құрамы
Әбдікеров Әбусағит Түгелбайұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Орынбаев Нұржан Серікұлы - ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Ахметбеков Абзал Мәжитұлы - ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
Ауғанова Гүлнар Мәдениетқызы - аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы
Шайхин Тасболат Зайырұлы - аудандық қаржы бөлімінің бастығы
Жақыпова Қарлығаш Бақытқызы - Ұлытау аудандық пошта бөлімшесінің бастығы