Құжат мәтініне өту

Об оказании в 2009 году единовременной материальной помощи гражданам ко Дню инвалидов

Қаулы · № 25/16 · қабылданған 25.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-47044/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об оказании в 2009 году единовременной материальной помощи гражданам ко Дню инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 25/16 ·25.06.2009
25.03.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании в 2009 году единовременной материальной помощи гражданам ко Дню инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 25/16 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании в 2009 году единовременной материальной помощи гражданам ко Дню инвалидов
Атауы (қаз.)
2009 жылы Мүгедектер күні қарсаңында азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25/16
Қабылданған күні
25.06.2009
Көрсетілген редакция
25.03.2010 47044_180320.kaz
Соңғы өзгеріс
25.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KC000083
ЭКБ идентификаторы
47044
Редакция идентификаторы
47044_180320
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:53

0 2009 жылы Мүгедектер күні қарсаңында азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы 14 сессиясының "2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-68 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 14 қаңтардағы, 21 қаңтардағы N 2, N 3 "Зеркало" және 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 3 "Теміртау" газеттерінде жарияланған) N 14/4 шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мүгедектер күні қарсаңында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын барлық топтағы мүгедектер мен мүгедек-балаларға біржолғы материалдық көмек көрсетілсін.

2 2. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

1 1) Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Қарағанды облыстық филиалының Теміртау қалалық бөлімшесінің 2009 жылғы 1 тамыздағы базамен салыстырған тізім бойынша жоғарыда көрсетілген азаматтар санатына біржолғы материалдық көмек төлемдерін төлесін;

2 2) көрсетілетін біржолғы материалдық көмектің көлемі қалалық бюджеттен осы мақсатқа бөлінген ақшалай қаражаттың сомасына байланысты белгіленсін;

3 3) көрсетілетін біржолғы материалдық көмекті уақтылы тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.

3

3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарлама бойынша қарастырылған қаражат есебінен біржолғы материалдық көмек төлемдерін уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Қолданыстағы