Құжат мәтініне өту

Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы

Қаулы · № 255 · қабылданған 07.09.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-47972/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 255 ·07.09.2009
31.03.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 255 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
255
Қабылданған күні
07.09.2009
Көрсетілген редакция
31.03.2010 · қолданыстағы 47972_203842.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DD000092
ЭКБ идентификаторы
47972
Редакция идентификаторы
47972_203842
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:27

0 Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы

"Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабының 3 тармағына, 20 бабының 1 тармағына, 23 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Поселкелік, ауылдық округтерінің әкімдері 2009 жылдың қазан-желтоқсан айларында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етілуін және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

2 2. Ақсу ауданының әскерге шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

3 3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4

4. 2009 жылдың қазан - желтоқсан айларында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу "Алматы облысы Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

5 5. "Ақсу ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Жұмагелдин Әшімғали Құсайынұлы (келісім бойынша):

1 1) аудандық шақыру комиссиясын білікті дәрігер мамандармен және орта буын медициналық қызметшілермен жасақтасын;

2 2) шақырылушыларды әдістемелік - нұсқаулықтар талаптарына сәйкес дәрігерлік іріктелуін жүзеге асырсын;

3 3) шақырылушыларды жұқтырылған қорғаныш тапшылығы, адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы белгілерін анықтауды ақысыз тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін.

6 6. "Ақсу аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Шырғайбаева Гүлфайраз Жабайханқызы мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты жұмыстарды қаржылай қамтамасыз етілуін ұйымдастырсын.

7 7. "Ақсу ауданы ішкі істері бөлімі" мекемесі Сансызбаев Ерлан Қанатайұлы (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын.

8

8. Аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 4 сәуірдегі 2-4-67 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 2008 жылғы 1 мамырдағы N 18-19 санында жарияланған, аудан әкімдігінің 2009 жылғы 20 ақпандағы "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына мерзімді әскери қызметке 2008 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында 1981-1990 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы" N 43 қаулысымен күші жойылды.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлына жүктелсін.

10 10. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

14 Ақсу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы

7 қыркүйектегі "Қазақстан
Республикасының азаматтарын 2009
жылдың қазан – желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери
қызметке шақырылуын жүргізуді
ұйымдастырып, қамтамасыз ету
туралы" N 255 қаулысына
1 қосымша
Ақсу ауданының әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Жетібаев Алмат Бекетайұлы - "Алматы облысы Ақсу аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы;
Омаров Бақытжан Рақымжанұлы - "Ақсу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Рамазанов Мұрат Сейфулмәлікұлы - "Ақсу ауданы ішкі істері бөлімі" мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Мырзашев Иманғали Бөлегенович - "Ақсу ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігерінің орынбасары, дәрігерлік медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);
Касымбекова Бақыт - "Ақсу ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

15 Ақсу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы

7 қыркүйектегі "Қазақстан
Республикасының азаматтарын 2009
жылдың қазан–желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери
қызметке шақырылуын жүргізуді
ұйымдастырып, қамтамасыз ету
туралы" N 255 қаулысына
2 қосымша
N
р/с
Поселкелік, ауылдық округтерінің атауы
Шақырылғандар
саны
Қазан
1
2
5
6
1
Ақсу
46
2
Арасан
43
35
3
Есеболатов
29
21
4
Егінсу
10
10
5
Жаңалық
23
6
Қарасу
32
7
Қарашілік
27
8
Қаракөз
38
23
9
Қапал
49
37
10
Көшкентал
29
11
Қызылту
24
12
Қызылағаш
10
10
13
Ойтоған
30
14
Құрақсу
50
15
Молалы
9
16
Матай
28
17
Суықсай
35
19
Жансүгіров
138
42
Барлығы
650
42
45
44
47
кестенің жалғасы
7
8
9
12
13
14
15
16
19
20
21
30
16
8
8
18
5
26
6
27
15
12
22
7
19
5
21
9
38
12
9
28
35
10
20
42
24
45
47
48
49
48
44
42
42
41
42
24

Қолданыстағы