О социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах в 2009 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах в 2009 году
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылы ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, спорт және мәдениеттің мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3764
- Қабылданған күні
- 24.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2010 AI48183_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VA000122
- ЭКБ идентификаторы
- 48183
- Редакция идентификаторы
- AI48183_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:22
0 2009 жылы ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, спорт және мәдениеттің мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Өскемен қаласы мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 11/4 «2009 жылға Өскемен қаласының бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-98 нөмірімен тіркелген) шешімінің 12 тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2009 жылы ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, спорт және мәдениеттің мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жылына бір рет келесі құжаттарды тапсырғанда әлеуметтік көмек төлеу:
1 1) жазбаша өтініш;
2 2) жеке куәліктің көшірмесі;
3 3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
4 4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
5 5) жұмыс орнынан анықтама.
Құжаттар (анықтамадан басқасы) «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, бұдан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылып беріледі.