Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи студентам из малообеспеченных семей на 2009 год

Қаулы · № 242 · қабылданған 28.09.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-48346/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи студентам из малообеспеченных семей на 2009 год Күшін жойған Қаулы ·№ 242 ·28.09.2009
02.02.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи студентам из малообеспеченных семей на 2009 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 242 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи студентам из малообеспеченных семей на 2009 год
Атауы (қаз.)
2009 жылға аз қамтамасыздандырылған отбасыларының студенттеріне әлеуметтік көмек ұсыну туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
242
Қабылданған күні
28.09.2009
Көрсетілген редакция
02.02.2010 48346_200002.kaz
Соңғы өзгеріс
02.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SF000130
ЭКБ идентификаторы
48346
Редакция идентификаторы
48346_200002
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:21

0 2009 жылға аз қамтамасыздандырылған отбасыларының студенттеріне әлеуметтік көмек ұсыну туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, «2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Есіл аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 12/74 шешімінің негізінде (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 13 қаңтарда № 13-6-107 болып тіркелген, 16.01.2009 жылғы № 3 (8411) «Ишим» газетінде жарияланған), аз қамсыздандырылған отбасыларының студенттеріне әлеуметтік төлемақы жасау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аз қамсыздандырылған отбасыларының студенттеріне әлеуметтік төлемдер «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451007000 шығыстардың бюджеттік сыныптама коды бойынша жергілікті аудандық бюджет қаражатынан ұсынылсын.

2

2. Әлеуметтік төлемдерді алуға жан басына орташа кірісі күнкөрістің ең аз шама деңгейінен төмен отбасыларының мүшелері болып табылатын, мемлекеттік жалпы білім беретін грант иегері болмаған (күндізгі оқу түрі бойынша), Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындарында оқитын, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтары құқылы.

3 3. Студенттерге әлеуметтік көмек «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келесі құжаттар негізінде көрсетіледі:

1 1) қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініштің;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінің (нотариалды расталған);

3 3) отбасының құрамы туралы анықтаманың;

4 4) отбасының табыстары туралы анықтаманың;

5 5) білімі туралы құжатының көшірмесінің (нотариалды расталған);

6 6) кешенді тестілеу нәтижесінің бекітілген үлгідегі мемлекеттік сертификатының көшірмесінің (нотариалды расталған);

7 7) Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орнымен оқыту бойынша келісім-шартының.

4

4. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Есіл ауданының 2009 жылға арналған бюджетінде 451007000 бағдарламасы бойынша бекітілген қаражат шегінде, бір студентке жылына 120000 (жүз жиырма мың) теңгеден аспайтын мөлшерде әлеуметтік көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары А.К.Бектасоваға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

14 Есіл ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 242
қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
жұмыспен қамту және
әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
бастығы
_____________________________
______________________________
мекен-жай бойынша
тұратын
______________________________
Жеке басын куәландыратын
құжат
______________________________
берілген күні ________ _______
берілді
СТН __________________________
ӨТІНІШ
Маған _________________________________________________ жоғары
оқу орнында білім алуым үшін ________________ теңгені ______________
банкінің ашық филиалындағы __________________ жеке шотыма бөлуіңізді
сұраймын.
Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:
1. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды расталған)
2. Отбасы құрамы туралы анықтама
3. Отбасының табысы туралы анықтама
4. Білімі туралы құжаттың көшірмесі (нотариалды расталған)
5. Бекітілген үлгідегі кешенді тестілеу нәтижесінің мемлекеттік
сертификатының көшірмесі (нотариалды расталған)
6. Солтүстік Қазақстан облысындағы жоғары оқу орнымен расталған келісім-шарт.
Күні _______________ Қолы ______________

Қолданыстағы