О предоставлении социальной помощи на зубопротезирование отдельным категориям граждан города Петропавловска на 2009 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на зубопротезирование отдельным категориям граждан города Петропавловска на 2009 год
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тістерін протездеуге 2009 жылы әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 11.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 11.11.2009 AI48673_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.11.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SA000163
- ЭКБ идентификаторы
- 48673
- Редакция идентификаторы
- AI48673_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:03
0 Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тістерін протездеуге 2009 жылы әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 33-бабы 2-тармағына, «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес, «2009 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы» 2008 жылғы 20 желтоқсандағы Петропавл қалалық мәслихаты 12 сессиясының № 2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі кезектен тыс 18 сессиясының № 2 шешімімен, «2009 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 желтоқсандағы 12 сессиясының № 2 шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 қазандағы 20 сессиясының № 3 шешімімен, қала әкімі ШЕШТІ:
1 1. Петропавл қаласының мына санаттағы азаматтарына тістерін протездеуге әлеуметтік көмек көрсету (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) белгіленсін:
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне;
кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;
кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға.
2
2. Әлеуметтік көмек өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, аталған санатқа жататынын растайтын құжаттың көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, тіс протездеудің бағасы туралы шот-фактура негізінде бөлінген бюджет қаражаты шегінде «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұсынылатыны;
әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттар тексеру үшін түпнұсқасы мен көшірмесі беріледі де, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылып беріледі;
болат пен пластмассадан тіс протездеу бағасының мөлшерінде жылына кемінде бір рет көрсетілетіні анықталсын;
осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген, қала аумағында тұрғылықты тұратын және тістерін протездеуге мұқтаж тұлғаларға көрсетіледі.