Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

2010 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Өзге акт · № 21 · қабылданған 11.12.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-1993-ekb-49560/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
2010 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы Қолданыста 11.12.2009 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

2010 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Қолданыста Өзге акт № 21 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2010 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2010 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
21
Қабылданған күні
11.12.2009
Қолданысқа енгізілген күні
20.01.2010
Көрсетілген редакция
11.12.2009 · қолданыстағы AI49560_0.kaz
Соңғы өзгеріс
11.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09GB000102
ЭКБ идентификаторы
49560
Редакция идентификаторы
AI49560_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:46
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2010 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 17 бабының 3 тармағына сәйкес және “Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесін басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:

1. “Жамбыл облысы Байзақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Бекболатовқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Байзақ ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.

2. Ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері “Жамбыл облысы Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

3. “Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі “Жамбыл облысы Байзақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1993 жылғы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.

4. “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысымен белгіленген тәртіппен, азаматтар шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери дәрігерлік сараптамадан өткізілсін.

5. “Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Байзақ Аудандық Ішкі істер бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Демесіновке (келісім бойынша), әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіру және ұстау өз құзіреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Қадірбек Рысқұлбекұлы Садубаевқа жүктелсін.

7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:

“Жамбыл облысы Байзақ ауданының Қорғаныс істері

жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бастығы

М. Бекболатов

11.12.2009 ж.

“Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Байзақ

Аудандық Ішкі істер бөлімі” мемлекеттік мекемесінің

бастығы

C. Демесінов

11.12.2009 ж.