Құжат мәтініне өту

2010 жылы Шу ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Өзге акт · № 9 · қабылданған 14.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-1993-ekb-50307/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
2010 жылы Шу ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 9 ·14.12.2009
10.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2010 жылы Шу ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 9 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2010 жылы Шу ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2010 жылы Шу ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9
Қабылданған күні
14.12.2009
Қолданысқа енгізілген күні
28.02.2010
Көрсетілген редакция
10.09.2015 · қолданыстағы 50307_255345.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z100000241_
ЭКБ идентификаторы
50307
Редакция идентификаторы
50307_255345
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:46

0 2010 жылы Шу ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасында әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілердің есебін жүргізу туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. «Жамбыл облысы Шу ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы К. Ердосовке (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Шу ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.

2 2. Шу қаласы мен ауылдық, селолық округтер әкімдері «Жамбыл облысы Шу ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

3

3. «Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облысы Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.

4

4. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды әскери дәрігерлік сараптамадан өткізу ұсынылсын.

5 5. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Шу аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш. Жапабаевқа (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Н. Нәметкұловқа жүктелсін.

7 7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облыстық Ішкі істер
департаментінің Шу аудандық Ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ш. Жапабаев
14 желтоқсан 2009 жыл
«Жамбыл облысы Шу ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
К. Ердосов
14 желтоқсан 2009 жыл

Қолданыстағы