Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

2010 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Өзге акт · № 5 · қабылданған 30.12.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-1993-ekb-50308/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
2010 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы Қолданыста 30.12.2009 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

2010 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Қолданыста Өзге акт № 5 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2010 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2010 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
30.12.2009
Қолданысқа енгізілген күні
10.02.2010
Көрсетілген редакция
30.12.2009 · қолданыстағы AI50308_0.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09GH000091
ЭКБ идентификаторы
50308
Редакция идентификаторы
AI50308_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:24
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2010 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:

1. «Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Жолдасқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.

2. Т. Рысқұлов ауданының және ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері «Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

3. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысымен белгіленген тәртіппен азаматтарды әскери-дәрігерлік сараптамадан өткізу ұсынылсын.

5. «Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Т. Рысқұлов аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Исабековке (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ахтан Ахатұлы Қарсыбаевқа жүктелсін.

7. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»:

«Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы

Жолдас Бақытжан Жолдасұлы

30 желтоқсан 2009 ж.

«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің

Т.Рысқұлов аудандық Ішкі істер бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы

Исабеков Бақберген Айтжанұлы

30 желтоқсан 2009 ж.