Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

2010 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Өзге акт · № 1 · қабылданған 11.01.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-1993-ekb-50626/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
2010 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы Қолданыста 11.01.2010 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

2010 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Қолданыста Өзге акт № 1 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2010 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2010 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
11.01.2010
Қолданысқа енгізілген күні
13.02.2010
Көрсетілген редакция
11.01.2010 · қолданыстағы AI50626_0.kaz
Соңғы өзгеріс
11.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10GD000083
ЭКБ идентификаторы
50626
Редакция идентификаторы
AI50626_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:20
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2010 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:

1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ. Садыбековке (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Жуалы ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.

2. Жуалы ауданының және кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері «Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

3. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1993 жылғы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақытылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды әскери-дәрігерлік сараптамадан өткізу ұсынылсын.

5. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Жуалы аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.А. Налековке (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақовқа жүктелсін.

7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»:

«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің

Жуалы аудандық Ішкі істер бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы полиция

подполковнигі Б. Налеков

11 қаңтар 2010 ж.

«Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс

істері жөніндегі бөлімі» мемлекетік мекемесінің

бастығы подполковник Ғ. Садыбеков

11 қаңтар 2010 ж.