Қолданыстағы ред. 31.05.2010 - 17.07.2010 (Редакция AI53149_0.kaz)

"2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 552 қаулысына өзгеріс енгізу туралы от 31.05.2010 г. № 243 ("2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 552 қаулысына өзгеріс енгізу туралы)

0

"2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 552 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі» негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 552 Қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-93 болып тіркелген, 2010 жылдың 10 ақпанында № 14 «Талас тынысы» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген Қаулының 1-қосымшасында:
реттік нөмірі 2 - жол алынып тасталсын.

2

2. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Тұрсынбековаға жүктелсін.

3

3. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.