2010-2012 жылдарға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2010-2012 жылдарға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- 2010-2012 жылдарға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1062
- Қабылданған күні
- 10.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2012 · қолданыстағы AI50954_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VK000112
- ЭКБ идентификаторы
- 50954
- Редакция идентификаторы
- AI50954_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:04
0 2010-2012 жылдарға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы «2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 31 желтоқсанда 5-11-107 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2010 жылғы 9 қаңтардағы № 2 санында жарияланған) № 17-1 шешіміне сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген 2010-2012 жылдарға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2
2. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі «2009 жылға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 645 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 6 мамырда 5-11-92 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2009 жылғы 8 тамыздағы № 33 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Биқадамовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 2010-2012 жылдарға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық
2010 жылғы 10 ақпандағы
Зайсан ауданының әкімдігінің
№ 1062 қаулысына қосымша
2010-2012 жылдарға дербес зейнеткерлерге коммуналдық
қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек
көрсету жөніндегі
Нұсқаулық
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Нұсқаулық 2010-2012 жылдары дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша (бұдан әрі – материалдық көмек) халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнаманы қолдануды нақтылайды, дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында әзірленді және оны беруді регламенттейді.
2 2. Материалдық көмек Қазақстан Республикасы және облыс алдында еңбегі сіңген дербес зейнеткерлерге беріледі.
2 2. Материалдық көмекті тағайындау
3 3. Материалдық көмек «Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) арқылы 2010-2012 жылдардың бюджетінде қаралған қаржы мөлшерінде төленеді және өтініш иесі төмендегі құжаттарды ұсынғанда тағайындалады:
1 1) материалдық көмек көрсету туралы өтініш;
2 2) жеке басын растайтын құжат;
3 3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
4 4) тіркелімін растайтын құжат;
5 5) дербес зейнеткердің мәртебесін растайтын құжат.
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, одан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.
4 4. Материалдық көмек өтінішті сипатқа ие және қажетті құжаттармен өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
5 5. Бөлім әр айдың 15-не дейін мемлекеттік зейнетақы төлеу бойынша орталығының Зайсан аудандық бөлімшесінен дербес зейнеткерлердің тізімін (қағаз және электронды тасымалдаушы түрінде) салыстыру үшін сұрайды.
3 3. Материалдық көмек төлеу
6 6. Бөлім ай сайын ағымдағы айдың 30-на дейін материалдық көмекті төлеуді жүргізеді.
7 7. Материалдық көмек 451. 007. 000 «Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджет трансферттері есебінен жүргізіледі.
8 8. Материалдық көмекті өтініш иесі көрсеткен мекенжайға жеткізу «Казпочта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Б. Қинашев