Құжат мәтініне өту

О Республиканской карте индустриализации на 2010 - 2014 годы

Қаулы · № 303 · қабылданған 14.04.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-2014/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О Республиканской карте индустриализации на 2010 - 2014 годы Қолданыста Қаулы ·№ 303 ·14.04.2010
11.08.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О Республиканской карте индустриализации на 2010 - 2014 годы

Қолданыста Қаулы ·№ 303 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Республиканской карте индустриализации на 2010 - 2014 годы
Атауы (қаз.)
2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
303
Қабылданған күні
14.04.2010
Көрсетілген редакция
11.08.2018 51861_348589.kaz
Соңғы өзгеріс
11.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000303_
ЭКБ идентификаторы
51861
Редакция идентификаторы
51861_348589
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:29

0 2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) 2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы;

2 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2

2. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысын бақылау жөніндегі жауапты мемлекеттік органдар ай сайынғы негiзде, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде «Жобаларды басқарудың ақпараттық-талдамалық жүйесі» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – жобалық офис) есептік нысандарын толтыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері екі апта мерзімде өңірлік Индустрияландыру карталарын бекітсін және жобалардың іске асырылу барысына мониорингті жүзеге асырсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тоқсан сайын есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне жобалардың iске асырылу барысының мониторингi бойынша ақпарат берсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк жүйесi базасында жобалық офистің техникалық жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн.

6 6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) жобалық офисті ақпараттық, әдiснамалық, талдамалық және бағдарламалық сүйемелдеудi қамтамасыз етсiн.

7 7. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

8 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

11 2010-2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 303 қаулысымен
бекітілген
2010-2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы
Р/с

Жо­ба­ның ата­уы
Жа­у­ап­ты мем­ле­кет­тiк ор­ган және ұлт­тық хол­динг
Өңiр
Жо­ба­ға өтiнiш бе­ру­шi
Iс­ке асы­ру мерзi­мi*/жо­ба­ның мәр­те­бе­сі
2014 жы­л­ға ин­ве­сти­ци­я­лар­ды иге­ру жос­па­ры, млн. тең­ге
1
2
3
4
5
6
7
1.
Бо­лат өн­дiрiсiн жы­лы­на 6 млн. тон­на­ға дей­iн ұл­ғай­та оты­рып, «Ар­се­лор Мит­тал Те­мiр­тау» АҚ-ны да­мы­ту және жаң­ғыр­ту
ИЖТМ
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
«Ар­се­лор Мит­тал Те­мiр­тау» АҚ
2010 – 2018 ж.ж.
7 531
2.
Ақ­тө­бе қа­ла­сын­да жа­ңа фер­ро­қо­рыт­па за­уы­тын са­лу (№ 4 цех)
ИЖТМ
Ақ­тө­бе об­лы­сы
«Қаз­хром» тран­с­ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» АҚ
2009 – 2013 ж.ж.
8300,46
3.
Қу­а­ты жы­лы­на 75 мың тон­на Қа­ра­ған­ды ке­шен­ді қо­рыт­па­лар за­уы­ты­ның 1-ке­зе­гін са­лу
ИЖТМ
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
«Қа­ра­ған­ды ке­шен­ді қо­рыт­па­лар за­уы­ты» ЖШС
2012 – 2015 ж.ж.
1 500
4.
Ме­тал­дан­ған өнiм өн­дi­ру за­уы­тын са­лу
ИЖТМ
Қо­ста­най об­лы­сы
«Со­ко­лов-Са­ры­бай кен бай­ы­ту өн­дiрiстiк бiр­ле­стi­гi» АҚ
2011 – 2015 ж.ж.
38 750
5.
Бозша­көл КБК са­лу
ИЖТМ
Пав­ло­дар об­лы­сы
«Kazakhmys Bozshakol (Қа­зақ­мыс Бозша­көл)» ЖШС
2010 – 2014 ж.ж.
36 252
6.
Ақ­то­ғай КБК са­лу
ИЖТМ
ШҚО
«Kazakhmys Aktogay (Қа­зақ­мыс Ақ­то­ғай)» ЖШС
2011 – 2016 ж.ж.
103 069
7.
Қу­а­тын жы­лы­на 300 мың тон­на фер­ро­қо­рыт­па­ға дей­ін жет­кi­зе оты­рып, фер­ро­қо­рыт­па өн­дiрiсiн және оның ши­кi­зат ба­за­сын әр­та­рап­тан­ды­ру және ке­ңей­ту
ИЖТМ
Жам­был об­лы­сы
«Та­раз ме­тал­лур­гия за­уы­ты» ЖШС
2011 – 2016 ж.ж.
198,115
8.
Қо­ста­най қа­ла­сын­да ұсақ сұ­рып­ты илек ор­на­ғын са­лу
ИЖТМ
Қо­ста­най об­лы­сы
«Евраз Кас­пи­ан Сталь» ЖШС
2010 – 2013 ж.ж.
-
9.
Өс­ке­мен қа­ла­сын­да то­лық цик­л­дi ав­то­за­уыт және ав­то­құ­рам­да­уы­штар шы­ға­ра­тын тех­но­парк са­лу
ИЖТМ
ШҚО
«Азия Ав­то» АҚ
2010 – 2015 ж.ж.
15 300
10.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да жүк ва­гон­да­рын шы­ға­ра­тын қу­ат­тар құ­ру
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Пав­ло­дар об­лы­сы
«Қа­зақ­стан­дық ва­гон жа­сау ком­па­ни­я­сы» ЖШС
2009 – 2011 ж.ж.
-
11.
Элек­тро­воз­дар жа­са­уды ұй­ым­да­сты­ру
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Аста­на қа­ла­сы
«Қа­зақ­стан те­мiр жо­лы» ҰК» АҚ
2010 – 2012 ж.ж.
-
12.
КАZ РV қа­зақ­стан­дық крем­нийі негiзiн­де фо­то­элек­тр­лiк мо­дуль­дер өн­дiрiсiн құ­ру
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ал­ма­ты об­лы­сы, ШҚО және Аста­на қа­ла­сы
«Қа­за­то­мө­нер­к­әс­iп» ҰАК» АҚ
2011 – 2012 ж.ж.
13 747
13.
Ми­не­рал­дық ты­найт­қы­штар шы­ға­ра­тын за­уыт са­лу
ИЖТМ
Жам­был об­лы­сы
«Ев­ро­Хим-Ты­ңайт­қыш» ЖШС
2011 – 2018 ж.ж.
-
14.
Ам­ми­ак, азот қыш­қы­лы және ам­ми­ак се­лит­ра­сы өн­ді­рі­сін жаң­ғыр­ту
ИЖТМ
Маң­ғы­стау об­лы­сы
«Қа­зА­зот» ЖШС
2011 – 2012 ж.ж.
-
15.
Өн­дiрiстiк қу­а­ты жы­лы­на 180 мың тон­на күкiрт қыш­қы­лы за­уы­тын ре­кон­струк­ци­я­лау
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ақ­мо­ла об­лы­сы
«Қа­за­то­мө­нөр­к­әс­iп-КҚЗ» БК» ЖШС
2010 – 2014 ж.ж.
779,822
(акт бой­ын­ша ҚҚС-сыз)
16.
№ 3 стан­ци­я­сы­ның энер­гия бло­гын ор­на­тып, Екi­ба­стұз
МА­ЭС-2 ке­ңей­ту және ре­кон­струк­ци­я­лау
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Пав­ло­дар об­лы­сы
«Са­мұ­рық-Энер­го» АҚ
2010 – 2015 ж.ж.
62 598 (акт бой­ын­ша ҚҚС-сыз)
17.
Екi­ба­стұз МА­ЭС-1 ке­ңей­ту және ре­кон­струк­ци­я­лау
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Пав­ло­дар об­лы­сы
«Екi­ба­стұз МА­ЭС-1» ЖШС
2010 – 2016 ж.ж.
50 433
(акт бой­ын­ша ҚҚС-сыз)
18.
Бал­қаш ЖЭС-iн са­лу
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ал­ма­ты об­лы­сы
«Са­мұ­рық-Энер­го» АҚ
2010 – 2018 ж.ж.
96 430
(акт бой­ын­ша ҚҚС-сыз)
19.
Шар­да­ра ГЭС-iн жаң­ғыр­ту
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
ОҚО
«Са­мұ­рық-Энер­го» АҚ
2010 – 2016 ж.ж.
569
(акт бой­ын­ша ҚҚС-сыз)
20.
Қа­зақ­стан­ның ұлт­тық электр желiсiн жаң­ғыр­ту,
II ке­зең
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Өңiра­ра­лық жо­ба
«KEGOC» АҚ
2010 – 2016 ж.ж.
7 733,922
21.
«Қор­ғас» ше­ка­ра ма­ңы ын­ты­мақ­та­стығы ха­лы­қа­ра­лық ор­та­лы­ғы­ның ин­фра­құ­ры­лы­мын са­лу
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ал­ма­ты об­лы­сы
«Қор­ғас» ше­ка­ра ма­ңы ын­ты­мақ­та­стығы ха­лы­қа­ра­лық ор­та­лы­ғы» АҚ
2005 – 2018 ж.ж.
4 095
22.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сын­да­ғы Ин­ду­стри­я­лық парк­тiң ин­фра­құ­ры­лы­мын са­лу
ИЖТМ
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
«Са­ры­ар­қа» ӘКК
2007 – 2014 ж.ж.
921
23.
«Абу-Даби Пла­за» көп­функ­ци­о­нал­ды ке­шенiн са­лу
ИЖТМ
Аста­на қа­ла­сы
«Aldar Properties PJSC» ЖШС
2010 – 2016 ж.ж.
-
24.
Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның Бу­ра­бай ауда­нын­да­ғы «Бу­ра­бай» ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­ма­ғы­ның ше­ка­ра­ла­рын­да ту­ри­стiк ой­ын-са­уық ке­шенiн са­лу
ИЖТМ
Ақ­мо­ла об­лы­сы
«Tourism Borovoe City» ЖШС
2009 – 2021 ж.ж.
-
25.
Шым­кент қа­ла­сын­да «Хим­фарм» АҚ-ның өн­дiрi­стік қу­а­тын ке­ңей­ту
ИЖТМ
ОҚО
«Хим­фарм» АҚ
2009 – 2013 ж.ж.
2 238
26.
Аф­фи­наж за­уы­тын са­лу
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Аста­на қа­ла­сы
«Тау-Кен Са­мұ­рық» ҰТК» АҚ
2012 – 2013 ж.ж.
-
27.
Ка­у­сти­ка­лық со­да, үш­хлор­лы фос­фор және гли­фо­сат өн­ді­рі­сі
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Жам­был об­лы­сы
«Бір­лес­кен хи­мия ком­па­ни­я­сы» ЖШС
2013 – 2015 ж.ж.
31 096
28.
Кө­мір хи­ми­я­сы өнім­де­рін өн­ді­ре­тін за­уыт пен кө­мір шы­ға­ра­тын раз­рез са­лу
ИЖТМ, Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның әкі­мі
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
«АР­БАТ» БК» ЖШС
2013 – 2019 ж.ж.
69 116
29.
Nomad мо­де­лін­де­гі Ssang Yong мар­ка­лы ав­то­мо­биль­де­рін CKD әді­сі­мен (ұсақ то­рап­тық) жи­нақ­тау өн­ді­рі­сін құ­ру
ИЖТМ, Қо­ста­най об­лы­сы­ның әкі­мі
Қо­ста­най об­лы­сы
«Са­ры­ар­қа­Ав­то­Пром» ЖШС
2012 – 2014 ж.ж.
2 324
30.
Қы­зы­лор­да қа­ла­сын­да та­бақ шы­ны өн­ді­ре­тін за­уыт са­лу
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Қы­зы­лор­да об­лы­сы
«Са­мұ­рық-Қа­зы­на Ин­вест» ЖШС
2013 – 2015 ж.ж.
18 864
31.
Екі­ба­стұз – Шүл­бі ГЭС (Се­мей) – Өс­ке­мен 500 кВ же­лі­сін са­лу
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Өңiра­ра­лық жо­ба
«KEGOC» АҚ
2011 – 2017 ж.ж.
8 053
32.
Ре­льсті ар­қа­лық за­уы­ты
ИЖТМ, Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның әкі­мі
Ақ­тө­бе об­лы­сы
«Ақ­тө­бе ре­льсті ар­қа­лық за­уы­ты» ЖШС
2012 – 2014 ж.ж.
26 445,8
33.
Ка­лий суль­фа­ты өн­ді­рі­сі
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Жам­был об­лы­сы
«Бір­лес­кен хи­мия ком­па­ни­я­сы» ЖШС
2014 – 2018 ж.ж.
37,44
(акт бой­ын­ша ҚҚС-сыз)
34.
Ин­те­гра­ци­я­лан­ған газ-хи­мия ке­шенiн са­лу
МГМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Аты­рау об­лы­сы
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС
2010 – 2016 ж.ж.
12 051 (акт бой­ын­ша ҚҚС-сыз)
35.
«Бей­неу – Бо­зой – Шым­кент» газ құ­бы­рын са­лу
МГМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Өңiра­ра­лық жо­ба
«Қаз­Мұ­най­Газ» ҰК» АҚ
2011 – 2015 ж.ж.
84 153
36.
Ақ­тау пла­сти­ка­лық мас­са­лар за­уы­тын­да жол би­тум­да­рын шы­ға­ру
МГМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Маң­ғы­стау об­лы­сы
«Қаз­Мұ­най­Газ» ҰК» АҚ
2010 – 2013 ж.ж.
-
37.
Аты­рау МӨЗ-ін ре­кон­струк­ци­я­лау және жаң­ғыр­ту
МГМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Аты­рау об­лы­сы
«Қаз­Мұ­най­Газ» ҰК» АҚ
2010 – 2016 ж.ж.
144 905,521
38.
Шым­кент МӨЗ-ін ре­кон­струк­ци­я­лау және жаң­ғыр­ту
МГМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
ОҚО
«Қаз­Мұ­най­Газ» ҰК» АҚ
2010 – 2016 ж.ж.
33 663,049
39.
Пав­ло­дар мұ­най-хи­мия за­уы­тын жаң­ғыр­ту
МГМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Пав­ло­дар об­лы­сы
«Қаз­Мұ­най­Газ» ҰК» АҚ
2010 – 2016 ж.ж.
5 635
40.
К5 эко­ло­ги­я­лық кла­сын­да­ғы мо­тор оты­ны­ның өн­ді­рі­сі
МГМ
БҚО
«Кон­ден­сат» АҚ
2012 – 2015 ж.ж.
10 045,5
41.
«Ба­тыс Еуро­па – Ба­тыс Қы­тай» ха­лы­қа­ра­лық тран­зит дәлiзiн ре­кон­струк­ци­я­лау
ККМ
Өңiра­ра­лық жо­ба
ККМ
2007 – 2015 ж.ж.
120 385
42.
FTTH (Fiber to the Home) желiлерiн са­лу
ККМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на»ҰӘҚ»АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Өңiра­ра­лық жо­ба
«Қа­з­ақ­те­ле­ком» АҚ
2010 – 2014 ж.ж.
19 528
43.
«Жез­қаз­ған – Бей­неу» жа­ңа те­мiр­жол желiсiн са­лу
ККМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Өңiра­ра­лық жо­ба
«Қа­зақ­стан те­мiр жо­лы» ҰК» АҚ
2012 – 2016 ж.ж.
25 632
44.
«Ар­қа­лық – Шұ­бар­көл» жа­ңа те­мiр­жол желiсiн са­лу
ККМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Өңiра­ра­лық жо­ба
«Қа­зақ­стан те­мiр жо­лы» ҰК» АҚ
2012 – 2015 ж.ж.
29 096
45.
Ал­ма­ты об­лы­сын­да Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның 4 се­рік­тес қа­ла­сын са­лу (1-ке­зең)
ӨДМ
Ал­ма­ты об­лы­сы
«G4 Сitу» ЖШС
2008 – 2031 ж.ж.
8 047,7
46.
«KazSat» жер­се­рік­тік бай­ла­ныс және ха­бар та­ра­ту жүй­есiн құ­ру
ҰҒА
Аста­на қа­ла­сы
ҰҒА
2006 – 2014 ж.ж.
-
47.
Ға­рыш ап­па­рат­та­рын құ­ра­с­ты­ру-сы­нау ке­шенiн құ­ру
ҰҒА
Аста­на қа­ла­сы
ҰҒА
2008 – 2015 ж.ж.
8 300
48.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Жер­дi қа­шық­тан зондтау ға­рыш жүй­есiн құ­ру
ҰҒА
Аста­на қа­ла­сы
ҰҒА
2006 – 2014 ж.ж.
5 433
49.
«Бай­қо­ңыр» ға­рыш ай­ла­ғын­да «Бәй­те­рек» ҒЗК құ­ру
ҰҒА
Қы­зы­лор­да об­лы­сы
ҰҒА
Пер­спек­ти­ва­лық
-
50.
Бу­та­ди­ен және син­те­ти­ка­лық ка­у­чук өн­ді­рі­сі
МГМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Аты­рау об­лы­сы
«Бір­лес­кен хи­мия ком­па­ни­я­сы» ЖШС
Пер­спек­ти­ва­лық
-
51.
Маң­ғы­стау об­лы­сын­да по­ли­мер­лі өнім өн­ді­рі­сі
МГМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Маң­ғы­стау об­лы­сы
«Бір­лес­кен хи­мия ком­па­ни­я­сы» ЖШС
Пер­спек­ти­ва­лық
-
52.
Аты­рау об­лы­сын­да по­ли­мер­лі өнім өн­ді­рі­сі
МГМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Аты­рау об­лы­сы
«Бір­лес­кен хи­мия ком­па­ни­я­сы» ЖШС
Пер­спек­ти­ва­лық
-
53.
«Кен­дiр­лi» ку­рорт­тық де­ма­лыс ай­ма­ғын да­мы­ту
ИЖТМ
Маң­ғы­стау об­лы­сы
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның әкiм­дi­гi
Пер­спек­ти­ва­лық
-
54.
Қа­ра­шы­ға­нақ және Қа­ша­ған кен орын­да­ры ши­кі­затта­ры­ның ба­за­сын­да мұ­най-хи­мия өн­ді­рі­сін ұй­ым­да­сты­ру
МГМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Аты­рау об­лы­сы/БҚО
«Бір­лес­кен хи­мия ком­па­ни­я­сы» ЖШС
Пер­спек­ти­ва­лық
-
55.
Каль­ций­лен­ген со­да өн­ді­рі­сі
ИЖТМ, Жам­был об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Жам­был об­лы­сы
«Ен­ким» ком­па­ни­я­сы
Пер­спек­ти­ва­лық
-
56.
Ал­ма­ты қа­ла­сын­да­ғы әлем­дік дең­гей­де­гі тау-шаң­ғы ку­рор­ты
ИЖТМ, Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі
Ал­ма­ты қа­ла­сы
Пер­спек­ти­ва­лық
-
57.
Тор­ғай ЖЭС-ін са­лу
ИЖТМ
Қо­ста­най об­лы­сы
Пер­спек­ти­ва­лық
-
58.
Ерей­мен­тау қа­ла­сы ауда­нын­да пер­спек­ти­ва­да 300 МВт дей­ін ке­ңей­те оты­рып, қу­а­ты 50 МВт Жел­ЭС-ін са­лу
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ақ­мо­ла об­лы­сы
«Са­мұ­рық-Энер­го» АҚ
Пер­спек­ти­ва­лық
-
59.
Пер­спек­ти­ва­да 300 МВт дей­ін ке­ңей­те оты­рып, Ше­лек дә­лі­зін­де қу­а­ты 60 МВт Жел­ЭС-ін са­лу
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ал­ма­ты об­лы­сы
«Са­мұ­рық-Энер­го» АҚ
Пер­спек­ти­ва­лық
-
60.
Ақ­тау қа­ла­сын­да бу-газ құ­ры­л­ғы­сын са­лу
ИЖТМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ақ­тау қа­ла­сы
«Қа­за­то­мө­нер­к­әс­iп» ҰАК» АҚ
Пер­спек­ти­ва­лық
-
61.
Қа­ра­ған­ды ЖЭО-4
ИЖТМ, Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның әкім­ді­гі
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
Пер­спек­ти­ва­лық
-
62.
Хром­тау қа­ла­сын­да жа­ңа фер­ро­қо­рыт­па за­уы­тын са­лу (№ 5 цех)
ИЖТМ
Ақ­тө­бе об­лы­сы
«Қаз­хром» тран­с­ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» АҚ
Пер­спек­ти­ва­лық
-
* iске асырылуы республикалық бюджеттен қаражат бөлуге де байланысты жобалар бойынша іске асыру мерзімдері тиiстi кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемiне орай нақтыланатын болады
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ               - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлiгi
ККМ                - Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникация министрлiгi
МГМ                - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
министрлiгi
ӨДМ                - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
министрлігі
ҰҒА                - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
агенттiгi
«ҚазМұнайГаз»      - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»
ҰК» АҚ               акционерлiк қоғамы
«Самұрық-Қазына»   - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
ҰӘҚ» АҚ              акционерлiк қоғамы
ШҚО                - Шығыс Қазақстан облысы
ОҚО                - Оңтүстiк Қазақстан облысы
ӘКК                - әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорация
МӨЗ                - мұнай өңдеу зауыты
КҚЗ                - күкiрт қышқылы зауыты
ЖЭС                - жылу электр станциясы
КБК                - кен байыту комбинаты
ҒЗК                - ғарыш зымыран кешенi
ГЭС                - гидроэлектр станциясы
МАЭС               - мемлекеттiк аудандық электр станциясы
ЖЭО                - жылу электр орталығы
ҰЭЖ                - ұлттық электр жүйесi
АҚ                 - акционерлiк қоғам
БК                 - бiрлескен кәсiпорын
ЖШС                - жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
«Қазақстан темiр   - «Қазақстан темiр жолы» ұлттық
жолы» ҰК» АҚ         компаниясы» акционерлiк қоғамы
«Қазатомөнеркәсiп» - «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом
ҰАК» АҚ              компаниясы» акционерлiк қоғамы
«Тау-Кен Самұрық»  - «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен
ҰТК» АҚ              компаниясы» акционерлiк қоғамы
БҚО                - Батыс Қазақстан облысы
ЖелЭС              - жел электр станциясы

12 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 303 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1

2 2. «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 қаулысында:

көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
1-бөлімнің 3-кіші бөлімінің алтыншы абзацындағы екінші сөйлемі алып тасталсын;
«Төртінші басымдық. Бәсекеге қабілеттіліктің тік және көлденең аспектілерінде»:
«Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы» деген кіші бөлімнің бесінші және отыз екінші абзацтары алып тасталсын;
«Басымдықты іске асыру картасы» деген кіші бөлімнің сегізінші абзацы алып тасталсын;
«Бесінші басымдық. Тиімді бизнесте»:
«Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы» деген кіші бөлімнің бесінші абзацындағы «, «Қазақстандағы 30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын іске асыру» деген сөздер алып тасталсын;
«Басымдықты іске асыру картасы» деген кіші бөлімнің алтыншы абзацы алып тасталсын.

3

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында:
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
«Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру» деген бөлімнің бірінші абзацындағы екінші сөйлем алып тасталсын.

4 4. «Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1100 қаулысында:

көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
«Кіріспе» деген бөлімнің екінші абзацындағы «, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы» деген сөздер алып тасталсын.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 № 1599 Қаулысымен.

6 6. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы ахуалды талдау» деген 2-бөлімнің оныншы абзацындағы «, «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын іске асыру» деген сөздер алып тасталсын.

7 7. «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарында (Жол картасы):
«Агроөнеркәсіптік кешенді жедел дамыту және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» Бағдарламасының екінші бағытын іске асыру» деген 2-бөлім алып тасталсын.

8

8. «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 40-жол алып тасталсын;
«Агроөнеркәсіп кешенін жеделдетіп дамыту және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру» деген 2-бөлім алып тасталсын.

21 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 303 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1 1. «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1097 қаулысы.

2 2. «Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 88-ө өкімі.

3 3. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 121-ө өкімі.

4 4. «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 26 тамыздағы № 224-ө өкімі.

5 5. «Шикізат емес сектордың отандық орта кәсіпкерлік субъектілерінің өсуін жүйелік қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 20 қыркүйектегі № 244-ө өкімі.

Қолданыстағы