Құжат мәтініне өту

Қорғалжын аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 21 шілдедегі № 5/22 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Өзге акт · № 4/39 · қабылданған 12.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.04.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2010-21-no-522/?version=62792_195522.kaz
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Қорғалжын аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 21 шілдедегі № 5/22 шешіміне толықтыру енгізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 4/39 ·12.12.2011
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Қорғалжын аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 21 шілдедегі № 5/22 шешіміне толықтыру енгізу туралы

ҚАЗҚорғалжын аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 21 шілдедегі № 5/22 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4/39 · қабылданған 12.12.2011

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Қорғалжын аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 21 шілдедегі № 5/22 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Атауы (қаз.)
Қорғалжын аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 21 шілдедегі № 5/22 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4/39
Қабылданған күні
12.12.2011
Көрсетілген редакция
25.04.2012 · қолданыстағы 62792_195522.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
25.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11BO000172
ЭКБ идентификаторы
62792
Редакция идентификаторы
62792_195522
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:50

0 Қорғалжын аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 21 шілдедегі № 5/22 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Қорғалжын аудандық мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 21 шілдедегі № 5/22 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-15-151 тіркелген, 2010 жылғы 31 тамызда аудандық «Қорғалжын өңірі» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген шешімнің 2 тармағы келесі мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Әлеуметтік көмек алу үшін тапсырылатын қажетті құжаттар: Міндетті құжаттар:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
өтініш берушінің жеке есеп – шоты;
тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі.
Қосымша құжаттар:
Онкологиялық және туберкулез ауруларын емдеу және басқа қиын жағдайларда комиссия белгілеген мөлшерде жылына бір рет біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін:
операция жасау фактісін растайтын ауру тарихынан үзінді;
амбулаториялық емделуде екендігі туралы фтизиатрдан анықтама;
отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет.
Отбасының бір мүшесі қаза болған жағдайда жерлеу рәсіміне берілетін бір жолдық әлеуметтік көмек, жағдайы төмен отбасыларға және жұмыссыздар есебінде тұрған отбасылық анықтама негізінде 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек алу үшін:
қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;
отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет.
Табыстары күн көріс деңгейінен төмен отбасыларына, мүгедектерге, дербес зейнеткерлерге, комиссия белгілеген мөлшерде жылына бір рет біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін:
жеңілдік санатына кіретіндігін растайтын құжаттың көшірмесі;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі және мүгедектің жеке оңалту бағдарламасынан үзінді;
санаторлық- курорттық емделуге мұқтаж мүгедектер үшін санаторлық – курорттық карта;
мұқтаж мүгедектер үшін емделуге бару үшін жол билеттері немесе жолақы құнын растайтын анықтама;
ауруханада емделіп жатқандығы туралы анықтама;
амбулаториялық емделуде екендігі туралы фтизиатрдан анықтама;
отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет;
туу туралы куәлігінің көшірмесі.
Ақмола облысының тубдиспансерлік ауруханаларында емделуге жол шығынын өтеу үшін жылына екі рет 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек алу үшін:
мұқтаж мүгедектер үшін емделуге бару үшін жол билеттері немесе жолақы құнын растайтын анықтама;
отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет.
Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелер де ұсынылады, содан сон құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады».

2 2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қорғалжын аудан әкімі Д.Хамитжанов