Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 26 ақпандағы кезектен тыс XXIV сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" N 194 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы
ҚАЗАудандық мәслихаттың 2010 жылғы 26 ақпандағы кезектен тыс XXIV сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" N 194 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 26 ақпандағы кезектен тыс XXIV сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" N 194 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 26 ақпандағы кезектен тыс XXIV сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" N 194 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 214
- Қабылданған күні
- 07.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2012 · қолданыстағы AI54124_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10LD000124
- ЭКБ идентификаторы
- 54124
- Редакция идентификаторы
- AI54124_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:50
0 Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 26 ақпандағы кезектен тыс XXIV сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" N 194 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Аудандық Мәслихаттың 2010 жылғы 26 ақпандағы кезектен тыс ХХІV сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" N 194 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 8 сәуірде N 10-4-117 нөмірімен тіркелген, аймақтық "Тұран Қазалы" газетінің 2010 жылғы 17 сәуірдегі N 29 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің 16 тармағының 1 тармақшасындағы "электр қуаты 1 айға 1 адамға 45 квт/сағ, 2 адамға 90 квт/сағ, 3 адамға 135 квт/сағат, 4 адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 айға 150 квт/сағат" деген сөздер "электр қуаты 1 айға 1 адамға 70 квт/сағ, 2 адамға 140 квт/сағ, 3 адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 айға 210 квт/сағат" деген сөздермен ауыстырылсын.