2010 жылғы 27 шілдедегі "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" № 24-5/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗ2010 жылғы 27 шілдедегі "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" № 24-5/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2010 жылғы 27 шілдедегі "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" № 24-5/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылғы 27 шілдедегі "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" № 24-5/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25-4/1
- Қабылданған күні
- 02.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 07.11.2013 · қолданыстағы AI55764_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 07.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VO000075
- ЭКБ идентификаторы
- 55764
- Редакция идентификаторы
- AI55764_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:03
0 2010 жылғы 27 шілдедегі "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" № 24-5/2 шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-15-72 болып тіркелген, «Жұлдыз» газетінің 2010 жылғы 18 қыркүйегінің № 37 саңында жарияланған) № 24-5/2 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Осы шешіммен бекітілген Ережесінде:
2 тармақта «тұрмысы төмен» деген сөзден кейін «және әлеуметтік жағынан қорғалатын» деген сөздермен толықтырылсын;
7 тармақтың 2) тармақшасы жаңа басылымда мазмұндалсын:
2 «2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда:
18 жасқа толмаған бірінші және екінші топтағы мүгедек балаларды күтетін тұлғалар, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғалар;
мүгедектік тобы жоқ, бірақ туберкулез, онкология диспансерлерінде есепте тұрған тұлғалар;
жеті жасқа дейінгі балаларды, сонымен қатар төрт немесе одан да көп 18 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатын аналар;
50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан)»;
21 21 тармақ алынсын.
25 тармақтың 1) тармақшасындағы «(сот орындаушысынан анықтама ұсынған жағдайда)» және 3) тармақшасындағы «(анықтама ұсынған жағдайда)» деген сөздер алынсын.
28 тармақта «бау-бақшалардан» деген сөзден кейін «және құстардан» деген сөздермен толықтырылсын.