Құжат мәтініне өту

О стратегическом плане развития области до 2010 года

Өзге акт · № 46_20 · қабылданған 22.06.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-15649/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О стратегическом плане развития области до 2010 года Күшін жойған Өзге акт ·№ 46_20 ·22.06.2002
16.02.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О стратегическом плане развития области до 2010 года

Күшін жойған Өзге акт ·№ 46_20 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О стратегическом плане развития области до 2010 года
Атауы (қаз.)
Облыстың 2010 жылға дейіңге дамуының стратегилық жоспары туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
46_20
Қабылданған күні
22.06.2002
Көрсетілген редакция
16.02.2011 AI15649_2.kaz
Соңғы өзгеріс
16.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V02P0001375
ЭКБ идентификаторы
15649
Редакция идентификаторы
AI15649_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:58

0 Облыстың 2010 жылға дейіңге дамуының стратегилық жоспары туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2011.02.16 № 352/32 шешімімен.
Облыс экономика департаментiнiң бастығы М.З. Қажыкеннiң облыстық 2010 жылға дейiнгi дамуының стратегиялық жоспары туралы хабарламасын тыңдап және талқылай келе, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған облыстық 2010 жылға дейiнгi дамуының стратегиялық жоспары (бұдан әрi Стратегиялық жоспар) бекiтiлсiн.

2

2. Облыс экономика департаменті облыс мемлекеттiк органдарының Стратегиялық жоспарды орындау бойынша қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыратын және жыл сайын 1 ақпан мерзiмге орай облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына Стратегиялық жоспардың жүзеге асыру барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.

3 3. Облыс қаржы департаментi Стратегиялық жоспардың дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.

4 4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына (Шабрат Н.П.) жүктелсін.

5 Облыстың 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары

Облыстық мәслихаттың
II сайланған XX сессиясының
2002 жылғы 24 маусымдағы
№ 46/20 шешiмiне
қосымша
Облыстың 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауы "Қазақстан 2030: барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi ұзақ мерзiмдi даму стратегиясының негiзгi бағыттарын анықтады.
Ұзақ мерзiмдi стратегияның бастапқы кезеңiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы дамуының 1998 - 2000 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары және тиiстi мерзiмдегi аймақтық стратегиялық жоспарлар қабылданып, жүзеге асырылды. Павлодар облысы дамуының стратегиялық жоспары облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 19 наурыздағы шешiмiмен бекiтiлген болатын. Оның орындалу нәтижелерi үш жылдық Стратегиялық жоспардың тұтастай iске асырылғанын сипаттайды. Өзiнiң экономикалық даму деңгейi жағынан облыс республиканың аса дамыған бес аймағы iшiне кiредi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" № 735 Жарлығына , Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2000 - 2002 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысымен бекiтiлген Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-қимыл Жоспарына сәйкес облыста Стратегия 2030-да қойылған басымдықтарға қол жеткiзу жолдары мен тетiктерiн белгiлейтiн 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспары әзiрлендi.

i I. БӨЛIМ. ӘЛЕУМЕТТIК САЯСАТ

1 1-ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫҢ САНЫН КӨБЕЙТУ

1 1. МАҚСАТ

Облыс халқының санын көбейту.

2 2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ

2001 жылғы 1 желтоқсанда Павлодар облысы халқының саны 759,7 мың адам болды. 9 жыл бойы облыс халқының саны үнемi қысқаруда осы мерзiм iшiнде ол 200,4 мың адамға немесе 21% азайды. Халықтың азаюы табиғи өсiмнiң төмендеуiмен - туу төмендеп келедi, өлiм саны көбейдi, сондай-ақ көшi-қон жылыстаумен шарттастырылған.
2001 жылдың 11 айы iшiнде облыс бойынша 8098 туу тiркелген, бұл 2000 жылғы (2000 жылға қарағанда 0,3 % аз) деңгейге жуық. Осы мерзiм iшiндегi туудың жалпы коэффициентi 1000 адамға 11,5 туудан келедi.
2001 жылдың қаңтар-қараша айларында тiркелген өлiм саны 2000 жылғы осы мерзiмге қарағанда 119 адамға азайды немесе 1,5 % азайып, 7645 адам болды. 1000 адамға есептегендегi өлiмнiң жалпы коэффициентi 10,9 болды, оның деңгейi 3,4 % азайды. өлiмнiң негiзгi себептерi iшiнде қан айналу жүйесi аурулары барлық өлiмдердiң 45,7 % бiрiншi орын алып отыр, жазатайым жағдайлар, улану және жарақаттану -16,8 %, қатерлi iсiктер 15 % болып отыр.
Халықтың табиғи өсiмi 2001 жылғы 11 айдың iшiнде 453 адам болды, 2000 жылдың осы мерзiмiнде 361 адам болған. Тұрғындардың көшi-қон жылыстауы азаюда, көшiп кеткендер саны 28,3 мың адам болды, бұл 4,2 % кем. Барлық тасқындар бойынша көшiп келушiлер саны 12,8 % көбейiп, 15,9 мың адамға жеттi. Көшiп кеткендер санының көшiп келушiлер санынан артуы нәтижесiнде 12,4 мың адам көшi-қон шығыны болды, бұл өткен жылдағыдан 19,6 % аз.

1 1. Күштi жақтар

Денсаулық сақтау мекемелерiмен жеткiлiктi қамтамасыз етiлуi.
Қазақтардың тарихи отанына оралуы.
Барлық деңгейдегi оқу орындарының таралған жүйесi және бiлiктi кадрлардың болуы.
Салауатты өмiр салтын насихаттау.

2 2. Әлсiз жақтар

Жұмыссыздықтың салыстырмалы жоғары деңгейi.
Экологияның нашарлауы, қоршаған орта ластауының өсуi.
Халықтың өсiп-өну денсаулығының нашарлығы.
Тууды ынталандыру және жеңiлдiктердiң болмауы.

3 3. Мүмкiндiктер

Экономикалық өсу және халықтың жалпы өмiр сүру деңгейiн көтеру.
Әлеуметтiк мәндi ауруларды нақты төмендетуге қол жеткiзу.
Аса маңызды табиғат қорғау жобаларын өткiзу және аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту.
Тұрғын үй проблемаларын шешу жөнiндегi iс-шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру.
Жас отбасыларды қолдау.
Қазақтардың тарихи отанына оралуына қолайлы жағдай жасау.

4 § 3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР:

4. Қатерлер
Халықтың өлiм-жiтiмi өсуiне әсер ететiн факторлардың: нашақорлық, АҚТҚ-ның күшеюi.
Экология жай-күйiнiң халықтың денсаулығына керi әсерiн тигiзуi.
§ 3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР:
Халық денсаулығын сақтаудың тиiмдi жүйесiн құру, тууды ұлғайту. өлiм деңгейiн азайту, өмiр сүрудi ұзарту.
Халықтың өсiп-өну денсаулығын жақсарту.
Халықтың көшi-қон белсендiлiгiн төмендету, оралмандардың көшiп келуi үшiн қолайлы жағдай туғызу.

4 4. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ

5 5. Бiрiншi кезең 2002 - 2005 жылдар

1 1) Халық денсаулығын сақтаудың тиiмдi жүйесiн құру, тууды ұлғайту:

алғашқы медициналық-санитарлық жүйенi күшейту, халықтың қолы жететiн медициналық көмектiң сапасын жақсарту;
көп балалы отбасылардың жас балаларын сапалы тегiн тамақпен қамтамасыз ету;
көп балалы отбасылар мен жалғызiлiктi ата-аналарды қолдау бағдарламасын енгiзу;
жұмыс iстейтiн, әсiресе жүктi әйелдердi және жас бала тәрбиелеп отырған әйелдердi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды енгiзу.

2 2) өлiм деңгейiн төмендету, өмiр ұзақтығын ұлғайту:

салауатты өмiр салтын насихаттау жүйесiн құру және қалыптастыру;
халықты дене тәрбиесiне даярлау жөнiндегi оқыту бағдарламаларын енгiзу, спорт мектептерiн, клубтарды, қоғамдарды құру;
халықтың өлiм-жiтiмi мен жазатайым жағдайлардан, жарақаттардан орын алатын ауруға шалдығуын азайту жөнiндегi қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларын дамыту.

3 3) Халықтың өсiп-өну денсаулығын жақсарту:

әлеуметтiк мәндi аурулардың деңгейiн төмендету;
алдын алу жұмысын күшейту үшiн облыстың барлық оқу орындарында арнайы бағдарламаларды енгiзу жолымен жастардың денсаулығының алдын алу;
кеңес беру, ағарту және отбасын жоспарлау жөнiндегi қызметтердiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
барлық әйелдер мен қыз балалардың жыныстық өмiр мен бала туу мәселелерi жөнiнде жоғары сапалы санитарлық ағартуға қол жеткiзуiн заңнамалық және нормативтiк қамтамасыз ету.

4 4) Халықтың көшi-қон белсендiлiгiн төмендету, оралмандардың көшiп келуi үшiн қолайлы жағдай туғызу:

шағын және орта бизнеспен айналысу үшiн қолдау жасау, жергiлiктi жағдайға бейiмдеу, жайласуға мүмкiндiк жасау жолымен оралмандарды әлеуметтiк қорғау;
халықтың аз қамтамасыз етiлген жiктерiн атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жолымен әлеуметтiк қорғау, көп балалы отбасыларға, жастарға олар үшiн жұмыс орындарын квоталау, жасөспiрiмдер клубтары жүйесiн құру, жастарды қорғау жөнiндегi қолданыстағы облыстық бағдарламаларды iске асыру.

6 6. Екiншi кезең 2005 - 2010 жылдар

1 1) Некелер санын көбейту үшiн қолайлы жағдай жасау. Тууды ұлғайту: жас жұбайларға, баспанасы жоқ отбасыларға бала туған жағдайда тұрғын үй несиелерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету жолымен жастарға тұрғын үй проблемаларын шешуге көмек көрсету;

жастарға несие берудiң мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыру және олардың кәсiби бiлiм алуына гранттар бөлу, өз iсiн бастау, жастарды шағын және орта бизнес саласына тарту арқылы жастарды жұмыспен қамту саясатын белсендi жүргiзу.

2 2) Халықтың өсiп-өну денсаулығын жақсарту:

мынадай шараларға мемлекеттiк қолдау көрсету:

а а) өсiп-өну функцияларын қайта қалпына келтiру әдiстерiн әзiрлеу, енгiзу және осы салада зерттеулер жүргiзу;

б б) кеуде қатерлi iсiгi, жыныс жолдарының жұқпалы аурулары, соз аурулары, АҚТҚ/ЖҚТБ тәрiздi әйелдердiң денсаулығына аса елеулi немесе ерекше әсерiн тигiзетiн аурулардың биомедициналық, эпидемиологиялық және санитариялық-гигиеналық қырларын зерделеу;

баланың өте кiшкене кезiнен бастап еркектер мен әйелдердiң бедеулiгiнiң алдын алу және оның себептерiн жою жөнiндегi шараларды қолдану;
еркектер мен әйелдердiң бедеулiгiн емдеу, жасанды ұрықтандыру жөнiндегi медициналық қызметтерге және басқа да бала туу мүмкiндiктерiне қол жетiмдiлiктi арттыру;
бедеулiктi туындататын экологиялық проблемаларды шешу.

2 2-ТАРАУ. АЙМАҚТА ХАЛЫҚТЫ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТIК НЕГIЗДЕЛГЕН ЖҮЙЕСI

1 1. МАҚСАТ

Ауылдық аудандар мен аймақтардағы халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету деңгейiн көтеру, перспективасы жоқ ауылдарды (кенттердi) тарату, өндiрiстiк аймақтардағы халықты орналастыру жүйесiн сақтап қалу.
§ 2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
Облыс аумағында облыстық қарамақтағы 3 қала және 10 аудан бар.
Өнеркәсiп аймақтың экономикасының негiзiн қалайды. Облыстың iрi өнеркәсiп кәсiпорындары қалаларда орналасқан, онда халықтың 67,8 % шоғырланған.
Аудандардың көбiнде практикада әлеуеттi жұмыс күшiнiң реципиенттерi және салық төлеушiлер жоқ. өндiрiстiк емес сала бұл аудандарда дами алмайды, өйткенi халықтың табыс деңгейi бұл үшiн жеткiлiктi емес.
Павлодар облысындағы тұрғылықты халықтың саны қысқаруға бет алған. 1992 жылы 971,7 мың адамға дейiн шарықтап шығып, қазiргi уақытта 758,5 мың адамға дейiн азайды. Облыс халқының жалпы санынан 36,5 % ауылдық жерлерде тұрады.
10 ауданның 2 тоқырауға ұшырағандарға жатады. Бұл аудандар аграрлық бағытта (мал шаруашылығы), бұлардың тек бiреуi ғана жергiлiктi халықтың негiзгi тамақ өнiмдерiн қажетсiнуiн қанағаттандыра алады.
халықты орналастырудың қалыптасқан жүйесiн сақтап қалу және түзету үшiн тоқырауға ұшыраған аудандарға жергiлiктi деңгейде қолдау көрсетiлуде, атап айтқанда, облыстық бюджеттен берiлетiн субвенциялар жыл сайын көбеюде, бұл балаларға және тұрғын үйге берiлетiн жәрдемақылардың қарызын толық жоюға және аймақтарда пайда болған проблемаларды дер кезiнде шешуге мүмкiн бердi. Мемлекеттiк әлеуметтiк көмекпен бiрге қоғамдық ұйымдар, қорлар, iрi кәсiпорындар және кәсiпкерлер қайырымдылық көмек көрсетуде. 2000-2001 жылдардың iшiнде облыстық мәслихаттың және облыс әкiмiнiң шешiмдерi негiзiнде халықтың көшi-қонына байланысты 55 ауыл (селолар) таратылған.

7 7. Күштi жақтар

Дамыған ауылшаруашылық өндiрiсi, ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң өсуi.
Iрi фермерлiк шаруашылықтардың болуы.
Ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындардың болуы.
Селолық аудандардың бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет желiсiмен қамтамасыз етiлуi.

8 8. Әлсiз жақтар

Ауылда көлiк пен байланыс инфрақұрылымының жеткiлiктi дамытылмағаны.
Жұмыссыздықтың жоғары деңгейi.
Ауыл халқының табыстары төмен болуы.

9 9. Мүмкiндiктер

Ауылдық аудандарда шағын бизнестi дамыту және жұмыспен қамтылған халықтың үлесiн көбейту.
Ауылдарда (селоларда) бiлiм беру және денсаулық сақтауды жақсарту, олардың материалдық - техникалық базасын нығайту және кадрлармен жасақтау.
Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және жолдарды жақсарту жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру.

10 § 3. 2010 ЖЫЛҒА ДЕЙIНГI СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР

10. Қатерлер
Ауыл халқының азаюы.
Перспективасы жоқ ауылдардың (селолардың) көбеюi.
§ 3. 2010 ЖЫЛҒА ДЕЙIНГI СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР
Ауылды әлеуметтiк-экономикалық дамыту жөнiндегi нақты шараларды әзiрлеу.
Перспективасы жоқ ауылдарды (селоларды) тарату.

4 4. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ

11 11. Бiрiншi кезең 2002 - 2005 жылдар

1

1) Ауылдың әлеуметтiк-экономикалық дамуы жөнiндегi нақты iс-шараларды әзiрлеу Павлодар облысының ауыл шаруашылығын дамыту Бағдарламасын әзiрлеу, оның iшiне өнiмдi өткiзу жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi нақты шаралар, ақпараттық-маркетингтiк жүйе, машина-технологиялық станциялар құру және тұқым шаруашылығы мен селекциялық-тұқымдық, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеудегi негiзгi бағдарлар кiредi.
Бағдарламада қарастырылған аграрлық секторды дамыту жөнiндегi iс-шараларды iске асыру халықтың нанды, жарманы және мал шаруашылығы өнiмiнiң барлық түрлерiн қажетсiнуiн өз өндiрiсi есебiнен толық қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi;
ауыл шаруашылығы товар өндiрушiлердi жергiлiктi бюджеттердiң және коммерциялық банктердiң қаражаты есебiнен бiрлесiп қаржыландыру;
фермерлердi:
ауыл шаруашылығы мамандарының бiлiктiлiгiн көтеру семинарларын өткiзу;
шаруа қожалықтарының басшыларын шаруашылық жүргiзудiң нарықтық әдiстерiне үйрету жолымен оқыту.

2 2) Ауылдарды (селоларды) тарату.

2002 жылы жалпы халқының саны 44 адам болатын 6 ауылды (селоны) тарату көзделiп отыр. Келешекте осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

12 12. Екiншi кезең 2006 - 2010 жылдар

1 1) Ауылдың әлеуметтiк-экономикалық дамуы жөнiндегi нақты iс-шаралар әзiрлеу.

Мына есептен ауылдық жерлерде телефон байланысы мен көлiк жұмысының сапасын жақсарту:
абоненттiк желiлердi толық пайдалану жүйесiн және ауылдық аймақтарды тұрақты байланыспен қамтамасыз ету жолымен АТС-тiң желiсiн оңтайландыру;
телефон желiлерiн жаңғырту, абоненттердiң автоматикаландырылған халықаралық байланысқа шығуын қамтамасыз ету үшiн ескiрген АТС-тi жаңаларға ауыстыру;
жолаушылар қызметтерiнiң тарифтерiн төмендету жолымен ауыл халқына көлiк қызметтерiне қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету.

3 3-ТАРАУ. АЙМАҚТА ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ТИIМДI ДАМЫТУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ: ЖОСПАРЛЫ ҮЙЛЕСIМ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

1. МАҚСАТ
Негiзгi мақсат: Еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалану.
Iлеспе мақсаттар: жұмыспен қамту саласындағы ахуалдың дамуына тиiмдi мемлекеттiк бақылауды белгiлеу; жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүзеге асыру есебiнен халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру.
2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
Соңғы жылдары Павлодар облысында экономикалық өсу, инвестициялардың өсу, кәсiпорындарды сауықтыру, жаңа өндiрiстердi құру, шағын және орта бизнестi дамыту, ауылшаруашылық өндiрiсiн қалпына келтiру үрдiсi байқалады.
Халықтың саны азаюына қарамастан, экономиканың негiзгi салалары тұрақтануы еңбек ресурстары санының құлдырау қарқынын кiдiртуге мүмкiндiк бердi. 2000 жылы олар 476,2 адамды құрады немесе халықтың жалпы орташа жылдық санының 60,7 %, 2001 жылы 499,3 мың адам немесе 65,4 %. Еңбек ресурстарының (86,5 %) астам үлесi экономикалық тұрғыдан белсендi халыққа келедi 431,9 мың адам, экономикалық белсендiлiгi жоқ 67,4 мың адам. Экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың өсуi экономика саласында жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар санының азаюы есебiнен болып отыр. еңбек ресурстарының дамуы экономиканың дәстүрлi салаларын - кен өндiру және өңдеу өнеркәсiптерiн дамыту есебiнен, жеңiл және қайта өңдеу өнеркәсiбiн қалпына келу, шағын бизнес кәсiпорындарын көбейту есебiнен қамтамасыз етiледi. Халықтың жұмыспен қамтылуы өсуi экономиканың барлық салаларында жаңа жұмыс орындарын құру, шағын несиелендiру саясатын жүргiзу, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру арқылы қамтамасыз етедi. 2001 жылы 8717 жұмыс орны құрылды, 2002 жылы 9000 жаңа жұмыс орын құрылады деп күтiлуде.
Экономика салалары арасында еңбек ресурстарын бөлу келесi үйлесiмдерге жеттi: өнеркәсiп 15,8 %, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы 4,1 %, көлiк және байланыс 5,3 %, құрылыс 2,6 %. 2005 жылға қарай осы үйлесiмдердiң сақталуы болжамдалуда.
2001 жылдың аяғында облыстың экономикасында халықты жұмыспен қамту деңгейi 71,3 % құрады. Оның iшiнде 61,8 % - экономикалық қызмет түрлерi бойынша қамтылғандар және 38,2 % өзiн - өзi жұмыспен қамтыған тұрғындар. 148,7 мың адам өздерiн жұмыспен қамтып отыр. Облыстың тiркелген еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейi 1999 жылғы 6,5 %-дан 2001 жылы 5,3 % -ға дейiн төмендедi. 2002 жылғы 1 қаңтарда жұмыссыздар саны 24552 адамды құрайды, бұл 2000 жылғы деңгейден 2,8 % жоғары, жұмыссыздардың 67,5 % ауылдық жерлерде тұрады.

13 13. Күштi жақтар

Жоғары бiлiктi еңбек ресурстары.
Шетел жұмыс күшiн квоталау жолымен iшкi нарықты қорғау.
Кәсiпкерлiктi дамыту, тұрғындардың өзiн-өзi жұмыспен қамтуы.
Кәсiпорындарды қалпына келтiру, жаңа өндiрiстер ұйымдастыру, экономиканың нақты секторында жұмыспен қамтылғандар санының артуы.
Тұрғындардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету, кадрларды даярлау және қайта даярлау.

14 14. Әлсiз жақтар

Жасырын еңбекақы төлеудiң бар екендiгi. Бюджетке түсетiн салық түсiмдерi, сондай-ақ зейнеткерлiк қамсыздандыру жөнiнде әлеуметтiк қорғалу азаяды.
Күнкөрiс деңгейiнiң өсу қарқынынан еңбек ақы өсу қарқыны артта қалуы.

15 15. Мүмкiндiктер

Сыртқы нарықта ынтымақтастыққа жетуге жол беретiн табиғи ресурстардың (өндiру мен қайта өңдеу) және өндiрiстердiң болуы.
Көлiк пен коммуникациялардың қол жетiмдiлiгi.
Аймақта импорт алмастыратын өндiрiстердi дамыту нәтижесiнде күтiлетiн экономикалық өсу.
Шағын бизнес пен жеке кәсiпкерлiктiң дамуы.
Жұмысқа орналасу мәселелерi жөнiнде аймақтық ақпарат кеңiстiгiн құру.
Шетелдiк жұмыс күшiн енгiзуден iшкi еңбек нарығынан тиiмдi қорғау.
Өндiрiстiк күштердi орналастыру сұлбасын әзiрлеу және енгiзу.

16 3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР:

16. Қатерлер
Өнiмнiң дүниежүзiлiк бағалардан тәуелдiлiгiнен экспортқа бағдарланған салаларда өндiрiс көлемi төмендеуi.
Жұмыспен қамтудың жасырын, заңсыз ауқымының өсуi.
Ұзақ (жылдан астам) жұмыс iстемеген азаматтар санының өсуi.
3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР:
аймақтық ақпараттық-нормативтiк базаны жетiлдiру;
жұмыспен өнiмдi қамтуды, жұмыссыздықты қысқартуды, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету;
кәсiпкерлiктi және жұмыссыздардың өздерiн-өздерi жұмыспен қамтуын қолдау мен дамыту;
жұмыссыздықтың әлеуметтiк-экономикалық салдарындағы бейiмдеу үрдiстерiн реттеу;
iшкi еңбек нарығын қорғау.
§ 4.  IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ

17 17. Бiрiншi кезең 2002 - 2005 жылдар

2002 - 2005 жылдарда халықты жұмыспен қамтуды реттеудiң негiзгi бағыттары: халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасын әзiрлеу мен iске асыру, жұмыс орындарын қалпына келтiру және жаңа өндiрiстер құру, халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыру және кәсiпкерлiктi қолдау. Жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың жұмыспен қамтылуының өсуi үшiн өңдеушi өнеркәсiп салалары басымды болады.

1 1) Аймақтық ақпараттық-нормативтiк базаларын жетiлдiру.

Бұл мiндеттi iске асыру, қажеттi бағдарламалы-қолданбалы материалдар енгiзумен бiрге жұмысқа орналастыру мәселелерi жөнiнде бiрыңғай аймақтық торап құру үшiн жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi органдардың компьютерлiк техникамен қамтамасыз етiлуiн талап етедi. 2002 жылы барлық аймақтық жұмыспен қамту органдарын "Ваnknet" жүйесi арқылы еңбек нарығы жөнiндегi республикалық ақпараттық желiсiне қосу күтiлiп отыр. Бұл халықты жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру жөнiндегi жұмыспен қамту қызметтерiнiң мүмкiндiктерiн ұлғайтады, ал халық аймақтағы және одан тыс жерлердегi кәсiпорындардың жұмыс күшiне сұранысы туралы ақпаратқа қол жеткiзедi, бұл еңбек көшi-қоны үрдiстерiнiң, республикалық еңбек нарығындағы жұмыссыздардың жұмылдырылғыштығын дамытуға ықпал жасайды.

2 2) Жұмыспен өнiмдi қамтуды, жұмыссыздықты қысқартуды, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету:

халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу. 2002 жылы жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу мәселесi жөнiнде 30 мыңға жуық адам өтiнетiнi күтiлуде. Олардан 6,5 мың адамға жуығы тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылады, оның iшiнде экономиканың барлық саласындағы кәсiпорындарда және шағын бизнес пен кәсiпкерлiк саласында құрылып жатқан жаңа жұмыс орындарына болжам бойынша 3245 адам жұмысқа орналастырылады;
әлеуметтiк қолдауды қажет ететiн халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, осы санаттағы халықтың бiрiншi кезекте жұмысқа орналастырылуын, қоғамдық жұмысқа және кәсiптiк оқуға жiберiлуiн қамтамасыз етiлуi болжамдалуда;
уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
жұмыссыздарды кәсiптiк оқыту, қайта даярлау бiлiктiлiктерiн арттыруды ұйымдастыру жергiлiктi бюджет есебiнен облыстың мемлекеттiк және мемлекеттiк емес оқу орындары негiзiнде еңбек нарығының қажетсiнуiн есепке ала отырып, жүзеге асырылатын болады;
бiр де бiр жұмыс iстейтiн мүшесi жоқ отбасылардың азаматтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. 2002 жылы осындай отбасылардан 1615 адамға дейiн тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарда 4370 адамға дейiн қамту, 295 адамды оқуға жiберу болжамдалуда;
салалық департаменттер және ауылдар мен қалалардың әкiмдерiнiң жаңа жұмыс орындарын құру туралы бiрлескен iс-қимылын үйлестiру жөнiндегi жұмыс. 2002 жылы 9000 жұмыс орны құрылуы мүмкiн, оның iшiнде өнеркәсiпте 2298 жұмыс орны, шағын бизнес және кәсiпкерлiк саласында 2747, ауыл шаруашылығында 3225.

3 3) Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту және жұмыссыздардың өздерiн-өздерi жұмыспен қамтуы:

жұмыссыздарды, әсiресе ауылдық жерлерде, өздерiн-өздерi жұмыспен қамтуға және кәсiпкерлiктi ұйымдастыруға бағдарлап оқыту;
өздерiн-өздерi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудi қалағандарды жеңiлдiк шарттарымен несие, шағын несие арқылы қаржыландыру;
жұмыссыздардың жеке бизнестерiн дамыту үшiн өтеусiз демеуқаржы бөлу жөнiнде халықаралық ұйымдарды, қоғамдық бiрлестiктер мен қорларды тарту;
жеке iсiн бiрiншi рет құрған жұмыссыздардан шыққан кәсiпкерлердi, пайдалы және орнықты бизнесi аяққа тұрғанша, мемлекеттiк деңгейде жеңiлдiктi салық салу жөнiндегi мәселелерiн шешу.

18 18. Екiншi кезең 2006 - 2010 жылдар

1 1) Жұмыссыздықтың әлеуметтiк-экономикалық салдарында-ғы бейiмдеу үрдiстерiн реттеу:

ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерi, нысандарын кеңейту, сондай-ақ жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуының ұзақтығын ұлғайту;
жұмыспен қамту органдарының берген жолдамалары бойынша жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына жұмыс берушiлер мен келiсiм шарт жасасу;
шетелдiк жұмыс күшiн тартуға лицензия алатын кәсiпорындармен әлеуметтiк - осал қорғалған санаттағы халықты жұмысқа орналастыруға арналған квота белгiлеу жағынан белсендi ынтымақтастық жасау.

2 2) Iшкi еңбек нарығын қорғау:

жұмыс күшiн енгiзудiң орынды екенiн дәлелдеу жөнiнде қатаң саясат жүргiзу;
шетелдiк жұмыс күшiн пайдаланатын кәсiпорындарда жұмыс орындарын квоталауды белгiлеу;
бақылаушы органдар арқылы қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру, әсiресе жұмысшылардың еңбек құқықтары жағынан.

4

Қолданыстағы