2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы негізінде, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 26.10.2009 г. № 527 (2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)
1. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тізбесі № 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері мен көлемі, нақты жағдайлары және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. «Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б. Абдрахманова), ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезеңде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.
4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбек ақысы «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде белгіленсін.
5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандағы уәкілетті орган - «Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға үлгілік шарт жасассын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қадірбек Рысқұлбекұлы Садубаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байзақ ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 527 қаулысына № 1-қосымша
2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің
ТІЗБЕСІ
1. «Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. «Бурыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
3. «Диқан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
4. «Жалғызтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
5. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
6. «Көктал ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
7. «Көптерек ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
8. «Қостөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
9. «Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
10. «Мырзатай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
11. «Сазтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
12. «Сарыкемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
13. «Суханбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
14. «Темірбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
15. «Түймекент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
16. «Ынтымақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
17. «Үлгілі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
18. «Байзақжылукоммуналсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
19. «Таза ауыл» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
20. «Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Байзақ ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 527 қаулысына № 2-қосымша
2010 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс.
№
Жұмыс түрлері
Нақты жұмыс түрлері
Көлемі
Қаржы көздері
Сұра-
ныс
Ұсы-
ныс
1
Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары)
1. Арық тазалау
2. Күл-қоқыс шығару
3. Жол құрлысы және жөндеу жұмыстарына жәрдемдесу
4. Гүл егу жұмыстары және гүлзарларды күту
5. Тал егу
6. Күзету, суару, күту және ретке келтіру
7. Тал түбін әктеу
8. Бағана сырлау, әктеу
9. Насихат тақталарын жаңалау, сырлау, жазу
10. Басқа да жұмыстар
112 км
933 тн
17 км
1360 м2
35712 түп
58,2 га
21715 дана
3057 дана
275 м2
Жергілікті бюджет
47
47
2
«Жасыл ел» бағдарламасы және ауыл әкімдерінің ұйымдастыруымен егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету
Күзету, суғару, күту және ретке келтіру
67,8 га
Жергілікті бюджет
10
10
3
Республикалық және аймақтық науқандар өткізу шараларына қатысу
1. Сауалнама жүргізу
2. Сайлау, санақ жұмыстарына жәрдемдесу
3. Басқа да жұмыстар
Қажеттілігіне сәйкес
Жергілікті бюджет
3
3
4
Бюджеттік мекемелерді қысқа мерзімге дайындауға қатысу, соғыс ардагерлерімен мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға жәрдемдесу
1. Ағымды жөндеу жұмыстарына жәрдемдесу
2. Отын дайындау
3. Аулаларды ретке келтіру
Қажеттілігіне сәйкес
Жергілікті бюджет
5
5
5
Барлығы:
65
65