Құжат мәтініне өту

2010 жылға жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы

Өзге акт · № 28-128 · қабылданған 15.10.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-48848/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
2010 жылға жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 28-128 ·15.10.2009
19.10.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2010 жылға жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 28-128 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2010 жылға жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы
Атауы (қаз.)
2010 жылға жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28-128
Қабылданған күні
15.10.2009
Көрсетілген редакция
19.10.2010 · қолданыстағы 48848_213706.kaz
Соңғы өзгеріс
19.10.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DL000133
ЭКБ идентификаторы
48848
Редакция идентификаторы
48848_213706
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:16

0 2010 жылға жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы

Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ аудан әкімінің 2009 жылғы 12 қазандағы N 2-10-714 хатының негізінде, Қаратал аудандық мәслихаты, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Үштөбе қаласының аймақтық әкімшілік жерлеріндегі, жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығының, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін елді мекендер, өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылық емес мақсатындағы заңды, жеке тұлғалардың кәсіпкерлікпен шұғылдануына берілген автотұрақтар, автомобильге май құю станцияларына бөлінген жерлерден басқа жерге, салықтың базалық ставкаларының мөлшері 2010 жылға 50 пайызға жоғарылатылсын.

2

2. 2010 жылға ауылшаруашылық мақсатындағы елді мекендер, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылық емес мақсатындағы заңды, жеке тұлғалардың өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығының, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, ауыл округтерінің жерлеріне жататын және Үштөбе қаласының аймақтық әкімшілік жерлерінен басқа ауылдарының автотұрақтар, автомобильге май құю станцияларына бөлінген жерлерден басқа жерге, салықтың базалық ставкаларының мөлшері 40 пайызға жоғарылатылсын.

3

3. Қаратал аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 07 мамырдағы N 24-99 "2009 жылға жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 10 маусымында 2-12-108 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 19 маусымында аудандық "Қаратал" газетінің 26 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.

4 4. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Қаратал ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы:
Алтынхан Кемалшанұлы Нұрланов
15 қазан 2009 жыл

Қолданыстағы