Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения на 2010 год

Қаулы · № 4545 · қабылданған 10.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-49003/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения на 2010 год Күшін жойған Қаулы ·№ 4545 ·10.11.2009
01.01.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения на 2010 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 4545 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения на 2010 год
Атауы (қаз.)
2010 жылға тұрғындардың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4545
Қабылданған күні
10.11.2009
Көрсетілген редакция
01.01.2011 AI49003_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VA000125
ЭКБ идентификаторы
49003
Редакция идентификаторы
AI49003_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:03

0 2010 жылға тұрғындардың нысаналы топтарын анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2010 жылға тұрғындардың келесі нысаналы топтары анықталсын:

1 1) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

2 2) балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

3 3) кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

4 4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты үнемі күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

5 5) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

6 6) мүгедектер;

7 7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;

8 8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарына босатылған адамдар;

9 9) оралмандар;

10 10) табысы аз адамдар;

11 11) мектептерді, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жазғы демалыс уақытында студенттер мен мектеп оқушылары;

13 13) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

14 14) өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні тәртібінде жұмыс істейтін адамдар;

15 15) жалақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;

16 16) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;

17 17) 50 жастан асқан әйелдер;

18 18) 55 жастан асқан еркектер.

2 2. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1 1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;

2 2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы