Құжат мәтініне өту

О мерах по организации социальных рабочих мест в Абайском районе на 2010 год

Қаулы · № 28/07 · қабылданған 03.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-49241/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О мерах по организации социальных рабочих мест в Абайском районе на 2010 год Күшін жойған Қаулы ·№ 28/07 ·03.12.2009
28.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по организации социальных рабочих мест в Абайском районе на 2010 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 28/07 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по организации социальных рабочих мест в Абайском районе на 2010 год
Атауы (қаз.)
2010 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28/07
Қабылданған күні
03.12.2009
Көрсетілген редакция
28.12.2010 AI49241_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KI000070
ЭКБ идентификаторы
49241
Редакция идентификаторы
AI49241_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:51

0 2010 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ауданның ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған тәртіпте Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашсын.

2 2. Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ақсанов Серік Айткенұлы):

1 1) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет білдірген, нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және жіберу бойынша жұмыс жүргізсін;

2 2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен келісімшарт жасау бойынша жұмыс жүргізсін;

3 3) әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуының тиімділігін бақылау, жасалған шарттардың орындалуы бойынша жұмыс жүргізсін;

4 4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін;

5 5) нысаналы топтардағы жұмыссыздардың еңбек төлеміне кететін жұмыс берушінің шығындарының өтемін жергілікті бюджет қаражаты есебінен республика бойынша белгіленген ең төмен еңбекақыдан 50 % мөлшерде қамтамасыз етсін.

3

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер жұмыссыздардың еңбек төлемін келесі мөлшерде қамтамасыз етсін: жергілікті бюджет қаражаты есебінен республика бойынша белгіленген ең төмен еңбекақыдан 50 % мөлшерде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен ең төмен еңбекақыдан 50 % аз емес мөлшерде.

4

4. Абай ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қаңтарда N 8-9-53 тіркелген, 2009 жылғы 16 қаңтарда N 4 "Абай-Ақиқат" аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған Абай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 35/02 "2009 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар туралы" қаулысы күшін жойған болып саналсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібірахым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.

Қолданыстағы