Құжат мәтініне өту

О направлении безработных на общественные работы в 2010 году

Қаулы · № 383 · қабылданған 10.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-49406/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О направлении безработных на общественные работы в 2010 году Күшін жойған Қаулы ·№ 383 ·10.12.2009
02.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О направлении безработных на общественные работы в 2010 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 383 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О направлении безработных на общественные работы в 2010 году
Атауы (қаз.)
2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
383
Қабылданған күні
10.12.2009
Көрсетілген редакция
02.12.2010 49406_182132.kaz
Соңғы өзгеріс
02.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KG000096
ЭКБ идентификаторы
49406
Редакция идентификаторы
49406_182132
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:48

0 2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысының 1 тармағы 3) тармақшасын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2010 жылы жұмыссыз адамдар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізімдері, қоғамдық жұмыстардың түрлері осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Қоса берілген 2010 жылға белгіленген орындалған жұмыстың мөлшері, сапасы мен күрделілігі айлық минималды еңбекақыдан шыға отырып қоса берілген 2010 жылға арналған жұмыссыздардың еңбекақыларын төлеу мөлшері осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.О. Тұңғышбаева):

1 1) 2010 жылға арналған осы мақсаттарға қала бюджетінен қарастырылған қаражат шегінде және бекітілген тізімге сәйкес жұмыссыз азаматтарды уақытша қоғамдық жұмыстарға жіберуді қамтамасыз етсін;

2 2) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындау шартын жасасын;

3 3) қала халқын сондай-ақ қала кәсіпорындары мен ұйымдарын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, олардың еңбекақы тәртібі туралы ақпаратпен қамтамасыз етсін.

4 4. Саран қаласының әділет басқармасында (N 8-7-75) тіркелген және қалалық "Ваша газета" газетінде 2009 жылғы 24 қаңтарда N 4 жарияланған Саран қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы "2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы" N 576 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Н. Кимге жүктелсін

6 6. Осы қаулы қаланың әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және оны алғаш қалалық "Ваша газета" газетінде ресми түрде жариялаған сәттен қолданысқа енеді.

10 Саран қаласы әкімдігінің

2009 жылғы 10 желтоқсандағы
N 383 қаулысына
1-қосымша
2010 жылы жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын қала ұйымдарының тізімі және олардың түрлері
N
Жұмыс түрлері
Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар саны
Жұмыс берушілер
1
Қала аумағын экологиялық сауықтыру, көркейту, көгалдандыру, ауланы жинау
55
"Абаттандыру" коммуналды мемлекеттік кәсіпорыны
2
Қаланың бюджеттік ұйым-дарындағы қосалқы жұмыстар
80
Қаланың бюджеттік ұйымдары, денсаулық сақтау мекемесі
3
Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруға көмек
10
Қаланың бюджеттік ұйымдары, білім беру мекемелері
4
Мәдени шаралар өткізу
10
Мәдениет мекемелері
5
Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қызмет және көмек көрсету
45
Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері
6
Бюджеттің кіріс бөлігін арттыру үшін салық органдарына көмек көрсету
30
Қаланың салық комитеті
7
Саран қаласы бойынша әскерге шақыру және тіркеу компаниясын өткізу
15
Қалалық қорғаныс бөлімі
8
Шағын бизнесті дамытуда ұйымдарға көмек көрсету
35
Жаңа жұмыс орындарын құрушы, және істеп тұрған орындарды сақтаушы, жұмыс берушілерді ынталандыру
9
Ауылшаруашылық жұмыстар
10
Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері
10
Құжаттармен техникалық жұмыс бойынша көмек көрсету
10
Саран қаласының ішкі істер бөлімі
БАРЛЫҒЫ:
300

11 Саран қаласы әкімдігінің

2009 жылғы 10 желтоқсандағы
N 383 қаулысына
2-қосымша
Қоғамдық жұмысқа қатыстырылған жұмыссыздардың 2010 жылға арналған еңбек ақы төлеу мөлшері құрайды:
N
Жұмыс түрлері
Бір жұмыссызға еңбек ақы төлеу мөлшері
Жұмыс тәртібі
Бес күндік жұмыс аптасы
Алты күндік жұмыс аптасы
1.
Ауыр дене күшінің жүктемесіне байланысты жұмыстар, (құрылыс және жөндеу, жылу жұмыстары)
1,5 минималды еңбек ақы
40 сағаттық жұмыс аптасы
40 сағаттық жұмыс аптасы
8 сағаттық жұмыс аптасы
6 сағат 40 минут жұмыс аптасы
2.
Дене күшінің жүктемесіне байланысты ауыр емес және үй - жайларда атқарылатын жұмыстар
1 минималды еңбек ақы
40 сағаттық жұмыс аптасы
40 сағаттық жұмыс аптасы
8 сағаттық жұмыс аптасы
6 сағат 40 минут жұмыс аптасы

Қолданыстағы