Құжат мәтініне өту

О проведении приписки граждан к призывным участкам районов "Алматы", "Сарыарка" и "Есиль" города Астаны в январе-марте 2010 года

Өзге акт · № 33-18 · қабылданған 01.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-49523/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О проведении приписки граждан к призывным участкам районов "Алматы", "Сарыарка" и "Есиль" города Астаны в январе-марте 2010 года Күшін жойған Өзге акт ·№ 33-18 ·01.12.2009
10.11.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки граждан к призывным участкам районов "Алматы", "Сарыарка" и "Есиль" города Астаны в январе-марте 2010 года

Күшін жойған Өзге акт ·№ 33-18 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки граждан к призывным участкам районов "Алматы", "Сарыарка" и "Есиль" города Астаны в январе-марте 2010 года
Атауы (қаз.)
Астана қаласы "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының шақыру учаскелеріне 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды тіркеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33-18
Қабылданған күні
01.12.2009
Көрсетілген редакция
10.11.2010 AI49523_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09A000607_
ЭКБ идентификаторы
49523
Редакция идентификаторы
AI49523_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:52

0 Астана қаласы "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының шақыру учаскелеріне 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды тіркеу туралы

РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 10-тармақтан қараңыз.
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабын, "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысын орындау үшін, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды және жасы асқан азаматтарды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында Астана қаласының әкімі ШЕШТІ:

1

1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды Астана қаласы "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін, ол үшін Заңның 17-бабына сәйкес "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының әкімдері тіркеу жөнінде комиссиялар құрсын және олардың жұмысын қамтамасыз етсін.

2 2. "Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

1 1) медициналық комиссияларды персоналмен қамтамасыз етсін;

2 2) медициналық комиссияларды тиісті мүлікпен, құрал-саймандармен және жабдықпен қамтамасыз етсiн;

3 3) тексеру актісін жасаумен комиссия белгілеген мерзімде тіркеуге жататын азаматтарды емдеу мекемелерінде тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын;

4 4) қаланың емдеу-алдын алу мекемелерінде флюорографиядан өтуді, қан, несеп анализдерін тапсыруды, электрокардиограммаға түсіруді, сондай-ақ тісін емдетуді қажет ететін азаматтардың ауыз қуысын емдеуді ұйымдастырсын;

5 5) медициналық комиссиялардың жұмысын "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының әкімдері бекіткен кестеге сәйкес ұйымдастырсын.

3 3. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

1 1) тіркеуге жататын азаматтардың шақыру пунктіне келуін, әскер жасына дейінгі азаматтардың әскери есепке тұруына байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа оларды оқудан босатуды;

2 2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақыру туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың уақытында келуін қамтамасыз етсін.

4 4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Ішкі істері департаменті" мемлекеттік мекемесі:

1 1) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіріп, ұстауды жүргізсін;

2 2) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссияның жұмысы кезінде тіркеудің барлық кезеңіне (2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары) қызметкер бөлумен шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.

5

5. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2010 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында тіркеуге жататын азаматтарға хабарлау, техникалық жұмыстарды орындау үшін 30 жұмыссыз азаматты Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жіберу арқылы төленетін қоғамдық жұмысты ұйымдастырсын.

6

6. "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын ұйымдастыру жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде әскери міндетті орындауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.

7

7. "Астана қаласы "Алматы", "Сарыарқа" және "Есіл" аудандарының шақыру учаскелеріне 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды тіркеу туралы" Астана қаласы әкімінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 33-4 (Астана қаласының Әділет департаментімен 2009 жылғы 16 ақпанда № 561 болып тіркелген; 2009 жылғы 21 ақпанда "Астана ақшамы" газетінің № 20 нөмірінде және 2009 жылғы 21 ақпанда "Вечерняя Астана" газетінің № 22 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

8 8. "Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі осы шешімді Астана қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.

9 9. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.

10 10. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң күшіне енеді.

Әкім                                           И. Тасмағамбетов
Әкімнің орынбасары                             Е.Т. Қожағапанов
Мемлекеттік-құқықтық
бөлімнің меңгерушісі                                 Ж.Б.Ертаев
"Астана қаласының Жұмылдыру
дайындығы, азаматтық
қорғаныс, апаттардың және
дүлей апаттардың алдын алуын және
жоюын ұйымдастыру жөніндегі
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы                                 Т.Ө.Ермеков
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Астана қаласының Ішкі істер
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы                                 М.Ғ.Демеуов
2009 жылғы 26 қараша
"Астана қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы                    Қ.Т.Мыңжанов
2009 жылғы 25 қараша

Қолданыстағы