Қолданыстағы ред. 12.04.2011

2010 жылы жұмыссыз мүгедектерді квота бойынша жұмысқа орналастыру туралы от 21.12.2009 г. № 26/4 (2010 жылы жұмыссыз мүгедектерді квота бойынша жұмысқа орналастыру туралы)

0

2010 жылы жұмыссыз мүгедектерді квота бойынша жұмысқа орналастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңдарына сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2010 жылы жұмыссыз мүгедектерді квота бойынша жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құратын мекеме, кәсіпорындардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Мекеме, кәсіпорын басшыларына халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның жолдамасымен жіберілген жұмыссыз мүгедектерді жұмысқа қабылдау сұралсын.

3

3. Шет ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы "2007 жылы жұмыссыз мүгедектерді квота бойынша жұмысқа орналастыру туралы" N 3/35 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю. Бекқожинге жүктелсін.

5

5. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

6

Шет ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 21 желтоқсандағы
N 20/4 қаулысына қосымша
2010 жылы жұмыссыз мүгедектерді квота бойынша жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құратын мекеме, кәсіпорындардың тізбесі
реттік саны
Мекеме, кәсіпорындардың аттары
Белгіленген жұмыс орындарының квотасы
1.
Ақадыр, Казпошта
1
2.
Ақадыр теміржол дистанциясы (ПЧ-26)
1
3.
Ю. Гагарин атындағы мектеп-лицей
1
4.
Ақсу-Аюлы, Казпошта
1
5.
Аудандық медициналық бірлестік
1
6.
"Nоva-Цинк" ЖШС
2
7.
"Ардагер" ЖШС
1
8.
"ШетКоммунСервис" МКК
1
9.
Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия
1
10.
М. Горький атындағы мектеп- гимназия
1
Барлығы:
11