2010 жылы жұмыссыз мүгедектерді квота бойынша жұмысқа орналастыру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылы жұмыссыз мүгедектерді квота бойынша жұмысқа орналастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңдарына сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылы жұмыссыз мүгедектерді квота бойынша жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құратын мекеме, кәсіпорындардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мекеме, кәсіпорын басшыларына халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның жолдамасымен жіберілген жұмыссыз мүгедектерді жұмысқа қабылдау сұралсын.
Тармақ 3
3. Шет ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы "2007 жылы жұмыссыз мүгедектерді квота бойынша жұмысқа орналастыру туралы" N 3/35 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю. Бекқожинге жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Басқа 6
Шет ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 20/4 қаулысына қосымша 2010 жылы жұмыссыз мүгедектерді квота бойынша жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құратын мекеме, кәсіпорындардың тізбесі реттік саны Мекеме, кәсіпорындардың аттары Белгіленген жұмыс орындарының квотасы 1. Ақадыр, Казпошта 1 2. Ақадыр теміржол дистанциясы (ПЧ-26) 1 3. Ю. Гагарин атындағы мектеп-лицей 1 4. Ақсу-Аюлы, Казпошта 1 5. Аудандық медициналық бірлестік 1 6. "Nоva-Цинк" ЖШС 2 7. "Ардагер" ЖШС 1 8. "ШетКоммунСервис" МКК 1 9. Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия 1 10. М. Горький атындағы мектеп- гимназия 1 Барлығы: 11