Құжат мәтініне өту

О проведении приписки граждан к призывному участку в январе - марте 2010 года

Өзге акт · № 20 · қабылданған 20.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-49893/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О проведении приписки граждан к призывному участку в январе - марте 2010 года Күшін жойған Өзге акт ·№ 20 ·20.12.2009
19.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки граждан к призывному участку в январе - марте 2010 года

Күшін жойған Өзге акт ·№ 20 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки граждан к призывному участку в январе - марте 2010 года
Атауы (қаз.)
Азаматтарды 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында әскерге шақырту учаскесінде есепке алуды өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20
Қабылданған күні
20.12.2009
Көрсетілген редакция
19.04.2010 49893_216168.kaz
Соңғы өзгеріс
19.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09PF000083
ЭКБ идентификаторы
49893
Редакция идентификаторы
49893_216168
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:44

0 Азаматтарды 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында әскерге шақырту учаскесінде есепке алуды өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке қою тәртібі Ережесін бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:

1 1. 2009 жылдың қаңтар - наурыз айларында есепке алу жылында он жеті жасқа толған ер азаматтарды, сонымен қатар жасы асқан, бұрын есепке алынбағандарды "Железин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - шақырту учаскесі) есепке алу жұмыстары жүргізілсін.

2 2. Ауданның селолық округ әкімдері, бағыныштылығы мен меншік нысанына байланыссыз (келісім бойынша) ұйымдар мен мекемелердің басшылары:

есепке алынатын азаматтарды уақытылы хабарлаумен қатар шақырту учаскесіне мезгілінде жеткізуді қамтамасыз етсін;
есепке алынатын азаматтарды әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке алуға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатсын.

3 3. "Железин аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша);

есепке тұратын азаматтарды медициналық анықтаудан өткізу үшін маман-дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді тағайындасын;
есепке тұратын азаматтарды тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын.

4 4. "Железин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):

шақырту учаскесінде шақырту комиссиясының жұмысы кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
әскери міндетті атқарудан бас тартушыларды іздеуді және ұстауды жүргізсін.

5 5. "Железин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) аудан әкімінің аппаратына есепке алуды өткізу нәтижесі туралы ақпарат ұсынсын.

6

6. Железин ауданы әкімінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы "1992 жылы туған бозбалаларды Железин ауданының әскерге шақырту учаскесіне есепке алу туралы" № 26 шешімінің (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуге алу Тізілімінде № 12-6-64 болып тіркелген, аудандық "Родные просторы" газетінің 2009 жылғы 10 қаңтардағы № 2 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

7 7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

8 8. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді
Железин ауданы қорғаныс
істері бөлімінің бастығы
2009 ж. 20 желтоқсандағы
С. Сүлейменов
Келісілді
Железин ауданы ішкі істер
бөлімінің бастығы
2009 ж. 20 желтоқсандағы
К. Шайков
Келісілді
"Железин аудандық орталық
ауруханасының" бас дәрігері
2009 ж. 20 желтоқсандағы
Г. Оспанова

Қолданыстағы