Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2010 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2010 года
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 01
- Қабылданған күні
- 25.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2010 50033_166316.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09R000834_
- ЭКБ идентификаторы
- 50033
- Редакция идентификаторы
- 50033_166316
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:32
0 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-3 Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабын, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысын орындау үшін тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды және бұрын әскери тіркеуден өтпеген жасы асқан азаматтарды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене бітімінің даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын-ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында Алматы қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды Алматы қаласы Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.
2 2. Алматы қаласының аудан әкімдері:
1 1) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармалары арқылы еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
2 2) тіркеу мерзімінде Алмалы, Әуезов, Бостандық және Түрксіб аудандарындағы Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға 10 техникалық қызметкерді және Жетісу мен Медеу аудандарындағы Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға 8 техникалық қызметкерді бөлсін;
3 3) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға тіркеуге жататын азаматтарға хабар беру үшін 1 бірлік автокөлік құралын берсін;
4 4) Алматы қаласына тұрақты тұруға немесе үш ай мерзімнен көп уақытқа тұруға келген, әскер қатарына шақырушыларды есепке қою жұмыстарын ұйымдастырсын;
5 5) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармалары арқылы ауданда тұратын барлық ұйымдарды есепке алсын, әскери-есеп жұмыстарын жөнге келтірсін, есепте тұрған шақыру жасына дейінгілердің тізімдерін салыстырсын.
3 3. Алматы қаласының Алатау ауданының әкімі:
1
1) Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің 2008 жылғы 25 қарашадағы «Алматы қаласы Алатау ауданының азаматтарын уақытша әскери есепке алуды ұйымдастыру туралы» № 102 бұйрығына сәйкес шақыру учаскелеріне 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Әуезов аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы арқылы тіркеуді ұйымдастырсын;