Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ в 2010 году

Қаулы · № 571 · қабылданған 30.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-50188/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об организации общественных работ в 2010 году Күшін жойған Қаулы ·№ 571 ·30.12.2009
15.11.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественных работ в 2010 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 571 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ в 2010 году
Атауы (қаз.)
2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
571
Қабылданған күні
30.12.2009
Қолданысқа енгізілген күні
02.02.2010
Көрсетілген редакция
15.11.2013 AI50188_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09GE000086
ЭКБ идентификаторы
50188
Редакция идентификаторы
AI50188_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:24

0 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5 тармағына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың ережесі» негізінде және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1 тармағы 13) тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, нақты жағдайлары бекітілсін және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 2-қосымшаға сәйкес анықталсын.

3 3. «Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шарт жасасын.

4 4. Қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыздардың еңбек ақысы жергілікті бюджет есебінен 20205 теңге еңбекақы көлемінде жүргізілсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі

Қордай ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 571 қаулысына
1-қосымша
2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі

1 1. «Қордай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2 2. «Отар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

3 3. «Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

4 4. «Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

5 5. «Қасық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

6 6. «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

7 7. «Ноғайбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

8 8. «Алға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

9 9. «Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

10 10. «Қақпатас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

11 11. «Кенен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

12 12. «Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

13 13. «Масаншы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

14 14. «Қарасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

15 15. «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

16 16. «Сортөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

17 17. «Үлкен-Сүлутөр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

18 18. «Сұлутөр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

19 19. «Ауқаты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

20 20. «Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

21 21. «Балауса» балалар сауықтыру лагері мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;

22 22. «Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

23 23. «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорыны» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;

24 24. «Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

31 Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Қордай ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 571 қаулысына
2-қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Сұраныс
Ұсыныс
Қоғамдық жұмыс түрлері
Атқарылатын жұмыстың көлемі
Нақты жағдайлары
1
20
20
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі 6 ай.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, жалғызбастыларға және тұрмысы төмендердің тұрмыс жағдайын тексеруді жүргізу, оларға атаулы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттарын жинауға көмектесу
2
2
2
Ауылдық округтердегі шаруашылық кітаптарын белгілеу және нақтылау
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша жұмыс мерзімі 2-3 ай.
Шаруашылық кітаптарындағы мәліметтерді нақтылау үшін, әр ауланы аралап шығу.
3
14
14
Көркем безендірулер және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша жұмыс мерзімі 2-3 ай.
Аудандағы ауыл округтарында стенділерді, плакаттарды және атаулы белгілерді көркем безендіру, қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу.
4
15
15
Ағымдық және күрделі жөндеулер
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша жұмыс мерзімі 2-3 ай.
Әлеуметтік-мәдени нысаналарды /мектептер, мәдениет үйлері, әкімшілік ғимараттары/ ағымдық жөндеулерден өткізу.
5
2
2
Нысандарды күзету
Толық емес жұмыс күн жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі 6 ай.
Нысандарды күзету.
6
37
37
Ауданның, ауылдық округтерінің аймақтарын көгалдандыру және көріктендіру
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі 6 ай.
Қоқыстан тазарту, гүл отырғызу, суғару, арам шөптерден тазарту, тал ағаштарын отырғызу және суғару. Еңбекақы атқарылған жұмыстар актісіне сәйкес төленеді.

Қолданыстағы