Құжат мәтініне өту

Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметке бір жолғы талон құнын 2010 жылға белгілеу туралы

Өзге акт · № 154-IV · қабылданған 23.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-50231/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметке бір жолғы талон құнын 2010 жылға белгілеу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 154-IV ·23.12.2009
25.01.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметке бір жолғы талон құнын 2010 жылға белгілеу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 154-IV · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметке бір жолғы талон құнын 2010 жылға белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметке бір жолғы талон құнын 2010 жылға белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
154-IV
Қабылданған күні
23.12.2009
Көрсетілген редакция
25.01.2011 · қолданыстағы 50231_176625.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09TD000152
ЭКБ идентификаторы
50231
Редакция идентификаторы
50231_176625
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:38

0 Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметке бір жолғы талон құнын 2010 жылға белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 8 және 36 баптарының негізінде Исатай аудандық салық басқармасының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 1871 санды ұсынысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі мен кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Бір жолғы талон негізіндегі арнайы кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі мен кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3 3. Аталған шешімнің орындалуын бақылауға алу аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық, экологиялық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Қабделов) жүктелсін.

4 4. Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 2009 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 154-ІV нормативтік
құқықтық кесімге 1-қосымша
Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін біржолғы талон құнының тізбесі
р/с №
Кәсіпкерлік қызмет түрлері
Бір күндік талон құны (теңге)
1
Тұқым егетін көшеттер мен ағаш көшеттерін сату
30
2
Бау-бақша өнімдерін сату
50
3
Бау-бақша өнімдерін көлік құралдарында сату
250
4
Саяжайларда тұрғын үй учаскелерінде өсірілген гүл өнімдерін сату
30
5
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшалық және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату
100
6
Жем шөп сату
300
7
Жеке меншік трактормен жер учаскелерін өңдеу жұмыстары
250
8
Газет және журналдар сату
50
9
Жеке адамдардың өз малдарынан алынатын өнімдерін сату:
10
Ет
200
11
Сүт
50
12
Балық сату
100
13
Ұсақ мал сату (әр басына)
50

6 2009 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 154-ІV нормативтік
құқықтық кесімге 2-қосымша
Бір жолғы талон негізіндегі арнайы кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі
р/с №
Кәсіпкерлік қызмет түрлері
Бір күндік талон құны  (теңге)
1
Азық-түлік өнімдерін сату
100
2
Нан және ұннан жасалған өнімдерді сату
80
3
Сүт және сүттен жасалған өнімдерді сату
50
4
Киімдер мен аяқ киімдер сату
160
5
Парфюмерия, косметика сату
160
6
Ойыншық, сувенирлер сату
160
7
Шаруашылық тауарлар, ыдыс аяқ, хрусталдар сату
180
8
Кеңсе бұйымдарын сату
120
9
Қосалқы бөлшектерін сату
200
10
Шаруашылық өнімдерін

а а) Ет сату

300

б б) Құс, шұжық, сыр тағамдарын сату

120

в в) Май тағамдарын сату

120

г г) Кондитер тағамдарын сату

120

д д) Жұмыртқа сату

50

ж ж) Жеміс-жидек, көкіністер сату

100
11
Азық-түлік өнімдерін көлік құралдарынан сату

а а) Жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету/тамақ өнімдерін және жеміс жидектерін сату/1,5 тоннаға дейін

250

б б) Жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету /тамақ өнімдерін және жеміс жидектерін сату/ 5 тоннаға дейін

400
12
Балық өнімдерін сату
200
13
Ұсақ түйек тағамдар сату (чай, самса, т.б.)
60
14
Теріден жасалған бұйымдар сату
200
15
Мал сату ірі қара 1 басқа
300
16
Ұсақ мал сату 1 басқа
50
17
Киім тігу, тоқып сату
200
18
Жүннен тоқылған өнімдер сату /кілемше, шұлық, қолғап т.б./
50
19
Құс сату 1 бас
80
20
Балапан сату (10 бас)
75
21
Қамыс байлау, сату (қамыс плита)
200
22
Құрылыс заттары (цемент, ағаш, шифр т.б)
250

Қолданыстағы