2010 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы
ҚАЗ2010 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2010 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28-100
- Қабылданған күні
- 23.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 18.05.2011 · қолданыстағы 50260_203786.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 18.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DJ000109
- ЭКБ идентификаторы
- 50260
- Редакция идентификаторы
- 50260_203786
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:38
0 2010 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 378, 379, 381, 383, 386 және 387 баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық ставкалары "Іле ауданы бойынша салық басқармасы" мен "Іле аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келісімімен "Іле ауданының жерлерін аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 5-23 шешіміне сәйкес, төмендегідей:
1 және 2 аймақтарда 50 пайызға көбейтілсін;
3 – аймақта 40 пайызға көбейтілсін;
4 – аймақта 25 пайызға көбейтілсін.
2 2. 0,50 гектарға дейін жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары: Энергетик, Первомай және Боралдай поселкелік, Казцик, Ащыбұлақ, Чапаев, Междуреченск, Байсерке, Қараой, Жетіген және Күрті ауылдық округтерінде 50 пайызға көбейтілсін.
3 3. Аудан аумағындағы елді мекендердің жерлеріне (тұрғын үй қорымен қамтылған, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстар тұрған жерлерді қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға көбейтілсін.
4 4. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп өндірісі жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға көбейтілсін.
5 5. Автотұрақтар, автокөліктерге жанар май құю станциялары және казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары салық Кодексінің 381 бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есеге ұлғайтылып салық салынсын.
6
6. 2008 жылғы 16 қазанда қабылданған 12009 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы1 N 14-44 шешімі (2008 жылғы 25 қарашада Іле аудандық Әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде енгізілген N 2-10-83, 2008 жылы 5 желтоқсанда N 48 (4261) Іле таңы газетінде жарияланған) 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстан алынып, күші жойылсын.