Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 284 · қабылданған 30.12.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-50262/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста 24.08.2010 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қолданыста Қаулы № 284 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
284
Қабылданған күні
30.12.2009
Қолданысқа енгізілген күні
10.02.2010
Көрсетілген редакция
24.08.2010 · қолданыстағы AI50262_1.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09GI000086
ЭКБ идентификаторы
50262
Редакция идентификаторы
AI50262_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:24
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы негiзiнде, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тізбелері № 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, аудандық мекемелердің басшылары және ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезеңде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.

4. Қоғамдық ақылы жұмысқа қатысқан азаматтардың еңбек ақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ:»

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер

министрлігінің Жамбыл облысы Ішкі істер

департаментінің Сарысу аудандық Ішкі істер

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

Қ. Құлшынбаев

30 желтоқсан 2009 жыл

«Жамбыл облысы Жаңатас қаласының

Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы

Е. Абдуллаев

30 желтоқсан 2009 жыл

2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тізбесі

Сарысу ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 284 Қаулысына № 1-қосымша

2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тізбесі

1. «Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

2. «Сарысу ауданы Байқадам ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

3. «Сарысу ауданы Жайылма ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

4. «Сарысу ауданы Жаңаталап ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

5. «Сарысу ауданы Игілік ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

6. «Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

7. «Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

8. «Сарысу ауданы Қамқалы ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

9. «Сарысу ауданы Досбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

10. «Сарысу ауданы Түркістан ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. «Жамбыл облысы Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

12. «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігінің Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Сарысу аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

13. «Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

14. «Сарысу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

15. «Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

16. «Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

17. «Сарысу ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

18. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сарысу ауданы әкімдігінің «Көгалдандыру және көріктендіру кәсіпорны» мемлекеттік мекемесі.

19. «Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі.

20. Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Сарысу сулары» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

21. Сарысу ауданы Әкімінің «Жаңатас-Су-Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны.

2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Сарысу ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 284 Қаулысына № 2-қосымша

2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Жұмыс түрлері
Нақты жұмыс жағдайлары
Көлемі
Қаржы көздері
Сұраныс
Ұсыныс
1
Ауылдық аймақтардың аумақтарына тазалық жұмыстары
1. Арық тазалау
2. Күл-қоқыс шығару
Қажеттілігіне сәйкес
Жергiлiктi бюджет
145
145
2
Саябақтарды көгалдандыру және көріктендіру
1. Гүл егу және оны күту
2. Тал отырғызу және оны күтіп баптау
Қажеттілігіне сәйкес
Жергiлiктi бюджет
105
105
3
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек
1. Құжаттарды компьютерде теріп, шығару
Қажеттілігіне сәйкес
Жергiлiктi бюджет
25
25
4
Жаңатас қаласында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу
1.Қаладағы бекітілген аймақтардың тазалау
Қажеттілігіне сәйкес
Жергiлiктi бюджет
303
303
5
Әскерге шақыру кезіндегі ұйымдасқан шараларды орындау үшін көмек көрсету
1. Әскерге шақыру қағаздарын тарату
Қажеттілігіне сәйкес
Жергiлiктi бюджет
2
2
6
Тұрғын үйді күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарына қатысу
1. Аудандағы тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу
Қажеттілігіне сәйкес
Жергiлiктi бюджет
93
93
Барлығы
673
673