Құжат мәтініне өту

Об установлении ставок платы за размещение наружной рекламы на территории города Жезказгана на 2010 год

Өзге акт · № 19/224 · қабылданған 22.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-50328/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об установлении ставок платы за размещение наружной рекламы на территории города Жезказгана на 2010 год Күшін жойған Өзге акт ·№ 19/224 ·22.12.2009
22.12.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ставок платы за размещение наружной рекламы на территории города Жезказгана на 2010 год

Күшін жойған Өзге акт ·№ 19/224 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ставок платы за размещение наружной рекламы на территории города Жезказгана на 2010 год
Атауы (қаз.)
2010 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19/224
Қабылданған күні
22.12.2009
Көрсетілген редакция
22.12.2009 AI50328_0.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KB000104
ЭКБ идентификаторы
50328
Редакция идентификаторы
AI50328_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:40

0 2010 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес 2010 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнама орналастыруға төленетін төлем ставкалары белгіленсін.

2

2. "2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы" қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 13/157 (2009 жылдың 19 мамырында Жезқазған қаласы әділет басқармасында 8-2-84 нөмірімен тіркелген және 2009 жылдың 22 мамырында "Сарыарқа" газетінің 55 (7548) нөмірінде ресми жарияланды), шешімі өз күшін жойды деп танылсын.

3 3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

Келісілді:
"Жезқазған қаласы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Б.Д. Ахметов
22.12.2009 ж.

5 Жезқазған қалалық мәслихатының

2009 жылғы 22 желтоқсандағы
N 19/224 шешіміне
қосымша
Жезқазған қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастырғаны үшін ай сайын төленетін төлемақы ставкалары
N п/п
Төлемақы ставкалары (бір жағы үшін) (АЕК)
1.
Жылжымайтын объектілерде:
1.1
алаңы 2 шаршы метрге дейін сілтемелер, маңдайшалар, ақпараттық қалқандар (бір объект үшін)
1
1.2.
лайтбокстер (сити форматтағы)
2
1.3.
Алаңы мынадай болатын жарнамалық-ақпараттық объектілер:
1.3.1.
2-ден 5 шаршы метрге дейін
3
1.3.2.
5-тен 10 шаршы метрге дейін
5
1.3.3
10-нан 20 шаршы метрге дейін
10
1.3.4.
20-дан 30 шаршы метрге дейін
15
1.3.5.
30-дан 50 шаршы метрге дейін
20
1.3.6
50-ден 70 шаршы метрге дейін
30
1.3.7.
70 шаршы метрден астам
50
1.4
Шатырүсті неондық жарнама құрылғылары (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неондық әріптер):
1.4.1.
30 шаршы метрге дейін
20
1.4.2.
30 шаршы метрден артық
30
1.5.
палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқашатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, штандарттардағы жарнама:
1.5.1.
5 шаршы метрге дейін
1
1.5.2
5-тен 10 шаршы метрге дейін
1
1.5.3.
10 шаршы метрден астам
2
1.6.
Уақытша тұрпаттағы дүңгіршіктер мен павильондардағы жарнама:
1.6.1.
2 шаршы метрге дейін
1
1.6.2.
2-ден 5 шаршы метрге дейін
1
1.6.3.
5-тен 10 шаршы метрге дейін
2
1.6.4.
10 шаршы метрден астам
4
1.7.
Жарнамалық жайма құрылғылары (штендерлер)
5
2.
Жылжымалы объектілерде:
2.1.
Көлік құралының сыртқы жағындағы жарнама (бір бірлігі үшін):
2.1.1.
автобустарда, троллейбустарда, трамвайларда, жүк машиналарында, арнайы автомобильдерде (1,5 тоннадан астам жүк көтеретін), өздігінен жүретін машиналар мен механизмдерде
4
2.1.2.
шағын автобустарда, таксилерде, жеңіл автомобильдерде (1,5 тоннаға дейін жүк көтеретін)
2
2.2.
Автокөлік құралына орнатылған құрылғылардағы жарнама (панно, қалқандар, лайтбокстер және тағы басқалар) бір жағы үшін:
2.2.1.
2 шаршы метрге дейін
2
2.2.2.
5 шаршы метрге дейін
10
2.2.3.
5-тен 10 шаршы метрге дейін
25
2.2.4.
10-нан 20 шаршы метрге дейін
25
2.2.5.
20-дан 40 шаршы метрге дейін
45
2.2.6.
40 шаршы метрден астам
40

Қолданыстағы