Құжат мәтініне өту

2010 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы

Өзге акт · № 234-ХХV · қабылданған 23.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-50373/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
2010 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 234-ХХV ·23.12.2009
08.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2010 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 234-ХХV · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2010 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы
Атауы (қаз.)
2010 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
234-ХХV
Қабылданған күні
23.12.2009
Көрсетілген редакция
08.05.2012 · қолданыстағы 50373_172257.kaz
Соңғы өзгеріс
08.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09TH000179
ЭКБ идентификаторы
50373
Редакция идентификаторы
50373_172257
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:38

0 2010 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағының талаптары және Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2390 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Салық Кодексінің 378-бабымен белгіленген ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және 383-бабымен белгіленген елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары 2010 жылда 50 пайыз мөлшерінде өсірілсін.

2

2. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 130-ХІІІ "2009 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы" (аудандық әділет басқармасында 2009 жылы 28 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4-8-137 енгізілген, 2009 жылы 12 ақпанда аудандық "Серпер" үнжариясының 7 нөмірінде жарияланған), 2009 жылғы 12 мамырдағы № 171-ХVІІІ "Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 130-ХІІІ "2009 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы (аудандық әділет басқармасында 2009 жылы 9 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4-8-150 енгізілген, 2009 жылы 11 маусымда аудандық "Серпер" үнжариясының 24 нөмірінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.

3 3. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық саясаты және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияға (Ш. Жәлелов) тапсырылсын.

Келісілді:
Н. Аленов - Аудан бойынша салық
басқармасының бастығы

Қолданыстағы