Құжат мәтініне өту

О мерах по содействию занятости целевых групп населения в 2010 году

Қаулы · № 425 · қабылданған 24.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-50433/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О мерах по содействию занятости целевых групп населения в 2010 году Күшін жойған Қаулы ·№ 425 ·24.12.2009
08.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по содействию занятости целевых групп населения в 2010 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 425 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по содействию занятости целевых групп населения в 2010 году
Атауы (қаз.)
2010 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
425
Қабылданған күні
24.12.2009
Көрсетілген редакция
08.12.2011 AI50433_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09NR000108
ЭКБ идентификаторы
50433
Редакция идентификаторы
AI50433_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:35

0 2010 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың мынадай тізімі бекітілсін:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

14 14) жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органда тіркелген елу жастан асқан адамдар;

15 15) ұзақ уақыт (бір жыл және одан астам) жұмыс істемеген азаматтар;

16 16) кәсіби бастапқы, орта және орта білімнен кейінгі білім беруді бітірушілер.

2 2. "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

1 1) халықтың нысаналы тобында есепте тұрған жұмыссыздар үшін лауазымды және бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу, кәсіби даярлаудан, біліктілікті артырудан өту құқығын қамтамасыз етсін;

2 2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтылудың ай сайынғы мониторингін жүргізсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
"Таран ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Л. Өтешева
2009.12.24

Қолданыстағы