Құжат мәтініне өту

О дополнительных мерах по социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2010 году

Қаулы · № 226 · қабылданған 24.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-50436/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О дополнительных мерах по социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2010 году Күшін жойған Қаулы ·№ 226 ·24.12.2009
31.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительных мерах по социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2010 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 226 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительных мерах по социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2010 году
Атауы (қаз.)
2010 жылы халықты еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
226
Қабылданған күні
24.12.2009
Көрсетілген редакция
31.12.2010 50436_210067.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09PD000077
ЭКБ идентификаторы
50436
Редакция идентификаторы
50436_210067
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:35

0 2010 жылы халықты еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13, 14-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1–бабына сәйкес, халықтың әлеуметтiк қорғалмаған санаттарынан шыққан жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға көмектесу және әлеуметтiк қорғау мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулық қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

2 2. Халықтың нысаналы топтарының құрамына енетiн тұлғалардың тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

3 3. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi нысаналы топтарының жұмыссыздарына басымды бағыттарды қамтамасыз ететін мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдармен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша келісім-шарттар жасасын.

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарды қаржыландыру, "Халықты еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" 002 бағдарламасы бойынша, 2010 жылға арналған аудан бюджеті қаражатынан жүзеге асырылады.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.З. Ысқақоваға мiндеттелсiн.

7 Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Нұсқаулығы

Аудан әкiмдiгiнiң 2009 жылғы
24 желтоқсан № 226 қаулысымен
бекітілді
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру Нұсқаулығы
Осы Нұсқаулық халықтың нысаналы топтарынаң шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің (меншiк нысанына қарамастан) есеп айырысудың негізгі шарттары мен жүйесін реттейді.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негiзгi түсiнiктер:

әлеуметтiк жұмыс орны – халықтың нысаналы тобынан шыққан жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн және шығындарының бiр бөлiгiн өтемақымен толықтыруға мүмкіндігі бар жұмыс берушiлермен жергілікті атқарушы органмен шартқа отыру негізінде құрылған жұмыс орны;
нысаналы топтар – Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгiленген жұмысқа орналасуда қиындыққа шалдыққан және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн топтар.

2 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақылық қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңшығарушылық актiлерiнiң күшi жүредi.

3 3. Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберу "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және оған жұмыссыздарды еңбекке орналастыру тәртiбi

4 4. Әлеуметтiк жұмыс орындары нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн еңбек ақы төлеудің 70%-ын жергілікті бюджет қаржысы есебінен төлеу шартымен жұмыс берушімен ашылады.

5 5. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарын ашу мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын немесе ашатын жұмыс берушілермен қаржыландырудың мерзімі мен шарты және әлеуметтік жұмыс орындарын орындау туралы келісімшарттар құрады.

6 6. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу олардың келісімі бойынша уәкілетті органмен жүргізіледі.

7 7. Жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар уәкілетті органнан жұмыссыз есебiнен шығарылады.

3 3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi мен шарттары

8 8. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi – жұмыс берушiлер мен жергiлiктi бюджет қаржысы.

9 9. Жергiлiктi бюджеттен әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасының" 102 "Халықты еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шаралар" бағдарламасы бойынша iске асырылады.

10 10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақысына кеткен шығындар жергілікті бюджет қаржысынан жабылады.

11 11. Еңбек ақы төлеу жұмыс берушімен келісім негізінде берілетін өтемақымен жасалынады және республика бойынша бекітілген минималды жалақыдан кем болмауға тиiс.

12 4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiне бақылау жасау

12. Бюджеттік қаржыны аудару бойынша есеп айырысу жұмыс берушілердің шоттарына жүргізіледі.
4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру тәртiбiне бақылау жасау

13 13. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Нұсқаулығын бақылау заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдармен жүзеге асырылады.

24 Ақтоғай ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарының косымша тұлғаларының тiзбесi

Аудан әкiмдiгiнiң 2009 жылғы
24 желтоқсан № 226 қаулысымен
бекітілді
Ақтоғай ауданы бойынша халықтың нысаналы
топтарының косымша тұлғаларының тiзбесi

1 1. 50 жастан асқандар.

2 2. Дәрігерлік еңбектік сараптамалық комиссияның еңбекке шектеулі жарамдығы туралы анықтамасы бар тұлғалар.

3 3. Отбасында бiрде-бiр жұмыс iстейтiн адамы жоқ аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан жұмыссыздар.

4 4. Ұзақ емделудi қажет ететiн бар отбасы мүшелерi, жұмыссыздар.

5 5. Көп балалы отбасылардың жұмыссыз ата-аналары.

6 6. Мүгедек балаларды тәрбиелейтін жұмыссыздар.

7 7. 24 жаска дейінгі жұмыссыз жастар.

8 8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің жолдамасы арқылы қәсіби дайындықтан және қайта даярлаудан өткен жұмыссыздар.

33 2010 жылға арналған Ақтоғай ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарына еңбекке орналастыру кестесi

Аудан әкiмдiгiнiң 2009 жылғы
24 желтоқсан № 226 қаулысына
қосымша
2010 жылға арналған Ақтоғай ауданы бойынша
әлеуметтiк жұмыс орындарына еңбекке орналастыру кестесi
р/р
Ауыл­-
дық
округ­-
тер
ата­у­
ла­-
ры
Жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ры­ла­ды
Ай­лар бой­ын­ша
Қаң­тар
Ақ­пан
На­урыз
Сі­уiр
Ма­мыр
Мау­сым
Шіл­де
Та­мыз
Қыр­қүй­ек
Қа­зан
Қа­ра­ша
Жел­тоқ­саң
1
Ақ­то­ғай
ауыл­-
дық
окру­гi
20
10
5
5
2
Әу­ел­бек
ауыл-
­дық
окру­гi
3
Бар­лы­бай ауыл­дық окру­гi
8
4
4
4
Бас­қа­мыс ауыл­дық окру­гi
3
3
5
Жалаулы ауылдық округi
6
Жолболды ауылдық округi
4
4
7
Қараоба ауылдық округi
8
Қожамжар ауылдық округi
15
5
10
9
Мүткенов ауылдық округi
8
8
10
Приречен ауылдық округi
11
Разумов ауылдық округi
2
2
12
Харков ауылдық округi
15
8
7
13
Шолақсор ауылдық округi
5
3
2
Аудан бойынша
80
23
46
11

Қолданыстағы