Об организации общественных работ на 2010 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ на 2010 год
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 01/04
- Қабылданған күні
- 15.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2010 50477_216873.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KK000087
- ЭКБ идентификаторы
- 50477
- Редакция идентификаторы
- 50477_216873
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:18
0 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысына сәйкес және жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі анықталсын (1 қосымша).
2 2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері анықталсын (2 қосымша).
3 3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың еңбек төлемі Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген еңбекақының ең аз мөлшерінде жүргізілсін.
4 4. Аудандық қаржы бөлімі (Мұрат Ойдашұлы Исабаев) аудан бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5 5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Надежда Григорьевна Алексеева):
1 1) ұйымдардың басшыларымен дер уақытында шарттар жасауды және ұйымдардың берілген өтінімдеріне сәйкес жұмыссыздардың келісімімен бағыттауды қамтамасыз етсін;
2 2) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбекақы есептеу мен төлеуді жұмыс беруші ұсынған акті мен жұмыс уақыты есебінің табелі бойынша жүргізсін.
6 6. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 02/01 "2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының (тіркеу нөмірі 8-11-70, аудандық N 6 "Сарыарқа" газетінде 2009 жылдың 14 ақпанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
8 8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
11 Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 15 қаңтардағы
N 01/04 қаулысына 1 қосымша
Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі
1. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Бұқар жырау бөлімшесі.
2. "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
3. "Бұқар жырау ауданының жастармен жұмыс Орталығы" мемлекеттік мекемесі.
4. "Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
5. "Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
6. Бұқар жырау ауданы бойынша салық Басқармасы.
7. Бұқар жырау ауданының ішкі істер басқармасы.
8. Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасы.
9. "Бұқар жырау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. "Бұқар жырау ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Бұқар жырау ауданының прокуратурасы.
12. Бұқар жырау ауданы Ботақара кенті әкімінің аппараты.
12 Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 15 қаңтардағы
N 01/04 қаулысына 2 қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері