Құжат мәтініне өту

Об оказании материальной помощи лицам, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан и областью на компенсацию расходов по коммунальным услугам в 2010 году

Қаулы · № 5248 · қабылданған 21.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-50482/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об оказании материальной помощи лицам, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан и областью на компенсацию расходов по коммунальным услугам в 2010 году Күшін жойған Қаулы ·№ 5248 ·21.01.2010
01.01.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании материальной помощи лицам, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан и областью на компенсацию расходов по коммунальным услугам в 2010 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 5248 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании материальной помощи лицам, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан и областью на компенсацию расходов по коммунальным услугам в 2010 году
Атауы (қаз.)
2010 жылы Қазақстан Республикасы және облыс алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5248
Қабылданған күні
21.01.2010
Көрсетілген редакция
01.01.2011 50482_209387.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VA000132
ЭКБ идентификаторы
50482
Редакция идентификаторы
50482_209387
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:15

0 2010 жылы Қазақстан Республикасы және облыс алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/2 «2010-2012 жылдарға Өскемен қаласының бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-127 нөмірімен тіркелген) шешімін ескере отырып, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы және облыс алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған Ұлы Отан Соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға теңестірілгендерге жатпайтын тұлғаларға 2010 жылы коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде өтініш иесі «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Бөлім) келесі құжаттарды ұсынғанда материалдық көмек көрсетілсін:

1 1) көмек көрсету туралы өтініш;

2 2) жеке басын растайтын құжат;

3 3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

4 4) Өскемен қаласында тіркелімін растайтын құжат;

5 5) Қазақстан Республикасы және облыс алдында ерекше еңбегі бар зейнеткердің мәртебесін растайтын құжат.

Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, одан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.

2 2. Бөлім әр айдың 15-не дейін мемлекеттік зейнетақы төлеу бойынша орталығының Өскемен қалалық бөлімшесінен Қазақстан Республикасы және облыс алдында ерекше еңбегі бар зейнеткерлердің тізімін (қағаз және электронды тасымалдаушы түрінде) салыстыру үшін сұрайды.

3 3. Материалдық көмек қажетті құжаттарды және өтініш берген сәттен бастап тағайындалады, төлем ай сайын ағымдағы айдың 30-на дейін Бөліммен жүргізіледі.

4 4. Алушы қайтыс болған жағдайда материалдық көмек қайтыс болған айға қоса төленеді.

5 5. Материалдық көмекті өтініш иесі көрсеткен мекенжайға «Қазпочта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жеткізу жүзеге асырылады.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Қолданыстағы