Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2010 жылға арналған Орал қаласы бойынша әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2010 жылға арналған Орал қаласы бойынша әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2010 жылға арналған Орал қаласы бойынша әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 51
- Қабылданған күні
- 14.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2010 · қолданыстағы 50487_161834.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZA000175
- ЭКБ идентификаторы
- 50487
- Редакция идентификаторы
- 50487_161834
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:19
0 Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2010 жылға арналған Орал қаласы бойынша әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне белгіленген заңнамалардың тәртібі бойынша нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларымен қамтамасыз етсін.
3
3. Орал қаласы әкімдігінің "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2009 жылға арналған Орал қаласы бойынша әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы" 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 142 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-129 тіркелген, 2009 жылы 26 ақпанда "Жайық үні" газетінде жарияланған) қаулының күші жойылған деп танылсын.
4 4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Р. Нығметовке жүктелсін.
6 Орал қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 14 қаңтардағы
№ 51 қаулысына қосымша
Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша
тізбесі
N
Санаттар атауы
1
Ұзақ уақыт жұмыс жасамаған адамдар (он екі айдан астам)
2
Оқу орындарын бітірушілер
3
Штаттың қысқаруына байланысты босатылған тұлғалар
4
Жеке еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған тұлғалар
5
Жалғыз тұратын тұлғалар
6
Екі жақты келісім бойынша жұмыстан босатылған тұлғалар
7
Мамандығы жоқ алғашқы жұмыс іздеуші тұлғалар
8
Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзған тұлғалар