Құжат мәтініне өту

О проведении общественных работ в 2010 году

Қаулы · № 1/1 · қабылданған 18.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-50611/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О проведении общественных работ в 2010 году Күшін жойған Қаулы ·№ 1/1 ·18.01.2010
31.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении общественных работ в 2010 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 1/1 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении общественных работ в 2010 году
Атауы (қаз.)
Ауданда 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1/1
Қабылданған күні
18.01.2010
Көрсетілген редакция
31.12.2010 50611_214346.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10PK000120
ЭКБ идентификаторы
50611
Редакция идентификаторы
50611_214346
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:17

0 Ауданда 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабы 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәсіпорындар мен ұйымдармен жасасқан шарттар бойынша 150 жұмыссыз үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.

2 2. Қоғамдық жұмыстар өтетін аудан ұйымдары мен кәсіпорындарының тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, қаржыландыру көлемі мен көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздар: асырауында төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы аналар, үшінші топтағы мүгедектер, медициналық-бақылау комиссиясының анықтамасы бойынша еңбекте шектеулері бар азаматтар үшін еңбек ақысын толық төлеумен 36-сағаттық жұмыс аптасы және икемді жұмыс кестесі қарастырылсын.
Үшінші топтағы мүгедектер және медициналық-бақылау комиссиясының анықтамасы бойынша еңбекке шектеулері бар азаматтарды қоғамдық жұмыстарға медициналық мекемелердің ұсыныстарына сәйкес жіберілсін.

4 4. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздарға төлемақы Қазақстан Республикасының 2009 жылы 7 желтоқсандағы "2010 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген ең төмен айлық еңбекақыдан кем емес мөлшерде белгіленсін.

5 5. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың көлемі 2010 жылға бекітілген аудан бюджетіне сәйкес 002 100 "Қоғамдық жұмыстар" бағдарламасы бөлімшесі бойынша анықталсын.

6

6. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы "2009 жылы қоғамдық жұмыстар өткізу туралы" № 4/1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-11-105 тіркелген, 2009 жылғы 6 ақпандағы № 6 (7710) "Нива" газетінде жарияланған), 2009 жылғы 13 сәуірдегі "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы "Ауданда 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды өткізу туралы" № 4/1 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 76/4, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-11-108 тіркелген, 2009 жылғы 8 мамырдағы № 19 (7723) "Нива" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылған деп саналсын.

7 7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.А. Мұхамбетжановаға жүктелсін.

9 Қоғамдық жұмыстар өтетін аудан ұйымдары мен кәсіпорындарының тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, қаржыландыру көлемі мен көздері

Павлодар ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 18 қаңтар № 1/1 қаулысына
қосымша
Қоғамдық жұмыстар өтетін аудан ұйымдары мен
кәсіпорындарының тізбесі, қоғамдық жұмыстардың
түрлері, қаржыландыру көлемі мен көздері
№ р/с
Ұйымдар мен кәсіпорындардың атауы
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Қаржыландыру көлемі (млн. теңге)
Жұмыс орындарының саны, адамдар
Қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5
6
1
"Павлодар ауданы Пресное ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Елді мекендер аумақтарын, қар бұрқасындарын қолмен жинау, көк тайғақпен күрес, қоқыс шығару, ескі құрылыстарды бөлшектеу және бұзу.
Әлеуметтік-мәдени объектілерді құру, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарына көмек көрсету.
Тарихи және сәулет ескерткіштерін, кешендер мен қорықтарды қалпына келтіру жұмыстарына көмек көрсету.
Аймақтарды экологиялық сауықтандыру: көгалдандыру, аумақтарды көріктендіру, көктемде және  күзде ағаш отырғызу, жазда жасыл екпелерді суару.
Мәдени ауқымды іс-шараларды, спорт шараларды, спорт жарыстарын, фестивальдерді ұйымдастыру жұмыстарына көмек көрсету.
Ауыл тұрғындарын, қосалқы шаруашылықтарды (мал, құс) есепке алуға көмек көрсету.
Учаскелік комиссияларға құжаттарды ресімдеуге, үйлерді және аулаларды аралауға көмек көрсету.
Ауылшаруашылық зиянкестерімен күрес жөніндегі маусымдық науқандарға қатысу.
Болуы ықтимал инфекция ауруларының ошақтарын жоюға көмек беру (ит ұстау, кеміргіштерді жою, малды вакциналау).
Құжаттарды, стендтерді ресімдеге көмек көрсету (қайта тіркеу, құжаттарды айырбастау жөніндегі науқандар).
0,378
8
Аудандық бюджет
2
"Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
0,284
6
Аудандық бюджет
3
"Павлодар ауданы Ефремовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
0,378
8
Аудандық бюджет
4
"Павлодар ауданы Жетекші ауылы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі
0,331
7
Аудандық бюджет
5
"Павлодар ауданы Заря ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
0,662
14
Аудандық бюджет
6
"Павлодар ауданы Занғар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
0,189
4
Аудандық бюджет
7
"Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
0,662
14
Аудандық бюджет
8
"Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
0,709
15
Аудандық бюджет
9
"Павлодар ауданы Луганск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
0,331
7
Аудандық бюджет
10
"Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
0,284
6
Аудандық бюджет
11
"Павлодар ауданы Ольгинка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
0,284
6
Аудандық бюджет
12
"Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
0,331
7
Аудандық бюджет
13
"Павлодар ауданы Маралды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
0,378
8
Аудандық бюджет
14
"Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
0,615
13
Аудандық бюджет
15
"Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
0,284
6
Аудандық бюджет
16
"Павлодар ауданы Шакат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
0,472
10
Аудандық бюджет
17
Павлодар ауданы әкімдігінің, Павлодар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Коммунальщик" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0,284
6
Аудандық бюджет
18
"Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды ресімдеу кезінде көмек көрсету (қайта тіркеу, құжаттарды айырбастау жөніндегі науқандар).
0,142
3
Аудандық бюджет
19
"Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі
0,94
2
Аудандық бюджет
Жиыны
7092,0
150

Қолданыстағы