Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ в Успенском районе на 2010 год

Қаулы · № 1/6 · қабылданған 11.01.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-50643/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об организации общественных работ в Успенском районе на 2010 год Қолданыста Қаулы ·№ 1/6 ·11.01.2010
26.08.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественных работ в Успенском районе на 2010 год

Қолданыста Қаулы ·№ 1/6 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ в Успенском районе на 2010 год
Атауы (қаз.)
2010 жылы Успен ауданында қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1/6
Қабылданған күні
11.01.2010
Көрсетілген редакция
26.08.2014 50643_214972.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10PL000086
ЭКБ идентификаторы
50643
Редакция идентификаторы
50643_214972
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:20

0 2010 жылы Успен ауданында қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына және 7 бабының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуда көмек жасауды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Успен ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпорындармен және ұйымдармен (келісім бойынша) келісім шарт арқылы аудандағы жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыс ұйымдастырсын.

2 2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, сұраныс және ұсыныстар, келісім шарттарда атқарылған жұмыстар көлемі, қаржыландыру көздері осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. Қоғамдық жұмыс түрлері осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

4 4. Дәрігерлік-ұжымдық комиссиясының анықтамасы бойынша еңбекке шек қойылған азаматтар және 3-ші топтағы мүгедек жұмыссыздар қоғамдық жұмыстарға денсаулығына сәйкес медицина мекемелері ұсынған жұмыс түрлеріне жіберілсін.

5 5. Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға еңбек ақы республика бойынша ең төменгі айлық мөлшерінде бекітілсін.

6 6. Успен ауданының "Қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарының аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде өз уақытында қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелерге жетекшілік есетін орынбасарына жүктелсін.

8 8. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.

9 Кәсіпорындар мен ұйымдар тізімі, сұраным және ұсыныс, көзделген қаржыландыру

Успен ауданы әкімдігінің 2010 жылғы
11 қаңтардағы № 1/6 қаулысына
қосымша
Кәсіпорындар мен ұйымдар тізімі, сұраным
және ұсыныс, көзделген қаржыландыру
№ р/с
Ұйымдар атауы
Сұраныс (адам саны)
Ұсыныс (адам саны)
Қаржыландыру көздері
1
"Успен ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
69
69
Аудандық бюджет
2
"Қаратай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
2
2
Аудандық бюджет
3
"Богатырь ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
2
2
Аудандық бюджет
4
"Лозов ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
3
3
Аудандық бюджет
5
"Ковалев ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
2
2
Аудандық бюджет
6
"Қозыкеткен ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
8
8
Аудандық бюджет
7
"Ольгин ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
6
6
Аудандық бюджет
8
"Тимирязево ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
3
3
Аудандық бюджет
9
"Равнополь ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
13
13
Аудандық бюджет
10
"Надаровка ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
8
8
Аудандық бюджет
11
"Қонырөзек ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
7
7
Аудандық бюджет
12
"Тобылжан ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
2
2
Аудандық бюджет
13
"Новопокровка ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
6
6
Аудандық бюджет
Аудан бойынша жиынтығы
130
130
Успен ауданы әкімдігінің 2010 жылға
11 қаңтардағы № 1/6 қаулысына
2 қосымша
2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізімі

1 1. Елді мекендерді қолмен жинау жұмыстары; ескі құрылыстарды бұзу, қоқыс тиеу, елді мекендердегі автожолдардың бойындағы шөптерді және бұталарды шабу, жалпы пайдаланымдағы жерлерді қардан қолмен тазалау, көк тайғақпен күрес.

2 2. Жолдарды, шұңқырларды жөндеуге (арнаулы біліктіліктің бар екенін талап етпейтін), су құбырларын жүргізуге, канализация коммуникацияларын салуға, көктемгі қалпына келтіру жұмыстарына көмек көрсету.

3 3. Тұрғын үйлерді, қоғамдық ғимараттарды және әлеуметтік-мәдени бағыттағы объектілерді салуға, қалпына келтіруге, қайта жасауға және жөндеу жұмысына (арнаулы біліктіліктің бар екенін талап етпейтін) көмек көрсету.

4 4. Мәдени және тарихи ескірткіштерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарына (арнаулы біліктіліктің бар екенін талап етпейтін) көмек көрсету.

5 5. Елді мекендерді экологиялық сауықтыру (көріктендіру және көгалдандыру).

6 6. Кең ауқымды мәдени бағыттағы шараларды ұйымдастыруға көмек (спорттық жарыстар, фестивальдар), еңбекшілердің қысқы және жазғы бос уақытын, шаңғы жолдарын құру, қысқы қалашықтар, балалардың спорттық жазғы алаңдар ұйымдастыру.

7 7. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандардың өткізуге көмек (қоғамдық пікір-сұрақ, халық, мал санағына қатысу және т.б.).

8 8. Учаскелік комиссияға аулаларды аралап шығуда көмек көрсету.

9 9. Жалғыз басты қарттарға және ауру мүгедектерге мал азығын, отын дайындауға, көмір тиеуге және түсіруге көмек.

10 10. Әлеуметтік-мәдени бағыттағы ұйымдар мен қоғамдық ғимараттарда от жағушылар.

Қолданыстағы