Құжат мәтініне өту

2010 жылы Бесқарағай ауданының шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Өзге акт · № 31-1 · қабылданған 19.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-50665/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
2010 жылы Бесқарағай ауданының шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеуді өткізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 31-1 ·19.01.2010
21.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2010 жылы Бесқарағай ауданының шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 31-1 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2010 жылы Бесқарағай ауданының шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеуді өткізу туралы
Атауы (қаз.)
2010 жылы Бесқарағай ауданының шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеуді өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
31-1
Қабылданған күні
19.01.2010
Көрсетілген редакция
21.04.2010 · қолданыстағы AI50665_1.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VG000075
ЭКБ идентификаторы
50665
Редакция идентификаторы
AI50665_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:16

0 2010 жылы Бесқарағай ауданының шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Бесқарағай ауданының шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеуден өткізу мақсатында "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 Заңының 17, 18, 44-баптарын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасы, "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:

1 1. Бесқарағай ауданының шақыру учаскесінде заңмен белгіленген мерзімде 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу өткізілсін.

2 2. Шақыру учаскесінде тіркелетін 1993 жылы туған азаматтарды медициналық куәландыру 2010 жылдың 29 қаңтарынан 2010 жылдың 31 наурызы аралығында жүргізілсін.

3 3. "Бесқарағай аудандық медицина бірлестігі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорына (Сон Б. Г.) (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:

1 1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлер бөлу;

2 2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде тіркеу жөніндегі комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшін бос орындар ұстау;

3 3) қажетті мөлшерде медициналық аспаптар мен мүлікпен қамтамасыз ету;

4 4) тіркеу учаскесіне тіркеу жүргізіліп, емделуге мұқтаж шақырушылардың тізімдерді тапсырылған соң, оларды емдеу мекемелеріне бекітіп, толық емделіп шығуын ұйымдастыру.

4 4. Ауылдық округтердің әкімдері тіркелуге тиісті азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын

5 5. "Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Туктыбаев Ә.) мүгедек деп танылған барлық адамдар туралы мәлімет берсін.

6 6. "Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Баталов Б. Ж.) міндеттелсін:

1 1) әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу және білім деңгейін тексеру;

2 2) әскери-техникалық мамандық бойынша даярлауға үміткерлерді іріктеу.

7 7. Бесқарағай аудандық ішкі істер бөліміне (Шарипов Ұ. М.) (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:

1 1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау;

2 2) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру.

8 8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Е. Рахметуллинге жүктелсін.

9 9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН:
Бесқарағай аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы
А. Олжабаев
«Бесқарағай аудандық
медицина бірлестігі»
МКҚК директоры
Б. Сон
Бесқарағай аудандық
ішкі істер бөлім бастығы
Ұ. Шарипов

Қолданыстағы