Құжат мәтініне өту

Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи города Темиртау на 2010 год

Қаулы · № 3/12 · қабылданған 26.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-50737/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи города Темиртау на 2010 год Күшін жойған Қаулы ·№ 3/12 ·26.01.2010
26.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи города Темиртау на 2010 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 3/12 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи города Темиртау на 2010 год
Атауы (қаз.)
2010 жылға арналған Теміртау қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/12
Қабылданған күні
26.01.2010
Көрсетілген редакция
26.01.2010 AI50737_0.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KC000096
ЭКБ идентификаторы
50737
Редакция идентификаторы
AI50737_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:13

0 2010 жылға арналған Теміртау қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыру туралы

Жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілерді, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту және олардың практикалық тәжірибе, дағды мен білім жинауы мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 6-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 қаулысына сәйкес және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-89 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы 23 сессиясының "2010 - 2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" N 23/5 шешімін басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Уәкілетті орган – "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімі):

1 1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген, мамандығы бар жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастар арасында Жастар практикасын өткізу жұмыстарын ұйымдастырсын, жұмысқа орналасуға ықпал етсін және еңбек нарығындағы бәсекелестікті арттырсын;

2 2) кәсіптік оқу орындарын бітірген жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыруға шарттар жасасын;

3

3) Жастар практикасын өткізу шараларын 2010 жылы қаржыландыруды республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер шегінде 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бағдарламасында 103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" бағдарламашасында қарастырылған, сондай-ақ 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бағдарламасында 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" бағдарламашасында қарастырылған қалалық бюджет қаражаты есебінен жүргізсін;

4 4) жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысын 20000 теңге мөлшерінде белгілесін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 ақпаннан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

Қолданыстағы