Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающим на территории Сандыктауского района, на 2010 год
Күшін жойған
Қаулы
·№ А-1/37
·
16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающим на территории Сандыктауского района, на 2010 год
- Атауы (қаз.)
- Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2010 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-1/37
- Қабылданған күні
- 10.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.01.2011 51192_200250.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BP000105
- ЭКБ идентификаторы
- 51192
- Редакция идентификаторы
- 51192_200250
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:04
0 Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2010 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына және 7 бабының 2 тармағына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2010 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жылдан астам);
29 жасқа дейінгі жастар;
Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген, зейнетақы жасына жеткенге дейінгі, жастары 50-ге келген және одан асқан адамдар.