Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных граждан из целевых групп населения на 2010 год за счет республиканского бюджета

Қаулы · № 07/01 · қабылданған 15.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-51247/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных граждан из целевых групп населения на 2010 год за счет республиканского бюджета Күшін жойған Қаулы ·№ 07/01 ·15.03.2010
11.04.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных граждан из целевых групп населения на 2010 год за счет республиканского бюджета

Күшін жойған Қаулы ·№ 07/01 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных граждан из целевых групп населения на 2010 год за счет республиканского бюджета
Атауы (қаз.)
Республикалық бюджет есебінен 2010 жылға халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
07/01
Қабылданған күні
15.03.2010
Көрсетілген редакция
11.04.2011 51247_201829.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KB000110
ЭКБ идентификаторы
51247
Редакция идентификаторы
51247_201829
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:47

0 Республикалық бюджет есебінен 2010 жылға халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу шараларын кеңейту мақсатында Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің тізбесі бекітілсін.

2

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін, меншік түрлеріне қарамастан қала ұйымдарына "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен тиісті шарттар жасау ұсынылсын, сонымен қатар еңбек шарттарына сәйкес алты ай мерзімге дейін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау жүзеге асырылсын.

3

3. "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі (Б.М. Мырзаханов) белгіленген тапсырма және осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде ұйымдар берген қажеттілікке сәйкес жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша жұмысқа орналастыру үшін жолдасын.

4

4. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысы республикалық бюджет есебінен ай сайын 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде және жұмыс берушілердің есебінен 2010 жылға белгіленген ең төменгі айлық еңбекақыдан төмен емес мөлшерде төленеді. Республикалық бюджет есебінің қаражаты ұйымдардың есеп-шотына жіберіледі.

5

5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасында 103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар іс-тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" ішкі бағдарламасымен қарастырылған бюджеттік қаражат есебінен жүргізілсін.

6

6. "Республикалық бюджет есебінен 2009 жылға халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 19 мамырдағы N 13/10 Жезқазған қаласы әкімдігі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-91 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 24 маусымындағы N 68 "Сарыарқа" газетінде және 2009 жылдың 24 маусымындағы N 45 "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С. Ғабдулуахитовке жүктелсiн.

8 8. Осы қаулы 2010 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

9 9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

10 Жезқазған қаласы әкiмдiгiнiң

2010 жылғы 15 наурыздағы
N 07/01 қаулысымен бекiтiлді
Халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің тізбесі

1 1) Жезқазған қаласы әкімдігі Жезқазған қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің "Қалалық автокөлік жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны;

2 2) "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының Жезқазған филиалы;

3 3) "Власова Любовь Александровна" жеке кәсіпкер;

4 4) "Мынбулганова Рымкуль Жумадилдаевна" жеке кәсіпкер;

5 5) "Маханова" шаруа қожалығы;

6 6) "Искакова Зауре Сейтжановна" жеке кәсіпкер;

7 7) "Қасым" пәтер иелері кооперативі;

8 8) "Жезтрансавто" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

9 9) "Биаско ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

10 10) "Кулмаханбетова Нагима Максутовна "АЛТЫНАЙ" жеке кәсіпкер;

11 11) "Ибраев" жеке кәсіпкер.

Қолданыстағы