Құжат мәтініне өту

Май ауданында 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы

Қаулы · № 20/2 · қабылданған 18.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-51307/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Май ауданында 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 20/2 ·18.02.2010
23.05.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Май ауданында 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 20/2 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Май ауданында 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы
Атауы (қаз.)
Май ауданында 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20/2
Қабылданған күні
18.02.2010
Көрсетілген редакция
23.05.2011 · қолданыстағы 51307_214315.kaz
Соңғы өзгеріс
23.05.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10PJ000094
ЭКБ идентификаторы
51307
Редакция идентификаторы
51307_214315
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:00

0 Май ауданында 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне сәйкес және ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы Республика бойынша ең төмен жалақыдан төмен болмауы керек.

3 3. Аудандық қаржы бөлiмi (Д.Б. Қалиақпаров) жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаражаттың шегiнде қоғамдық жұмыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.

4 4. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы "Май ауданында 2009 жылы ақы төлейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 40/1 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Қ.Саринге жүктелсiн.

7 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері

Май ауданы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 18 ақпандағы
№ 20/2 қаулысына
қосымша
2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және
оларды қаржыландыру көздері

Мекемелердің атауы
Түрлері
Көлемі (мың теңге)
Сұраныс (тұтынушылардан берілген тапсырыс)
Ұсыныс (бекітілген)
Қаржыландыру көздері
1
"Ақшиман селолық округi әкімінің аппараты" ММ
Аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру, абаттандырушылық және санитарлық тазарту (ауыл ішіндегі жолдарды қардан тазалау, қоқысты жинап шығару, ағаш-гүлзарлар салу, оларды күнделікті суару, ағаштардың артық бұтақтарын кесу, ақтау, баған тіреулерді ақтау, иесіз қалған  ғимараттардың әйнек, есіктерін қалау, қоршауларды, жолдарды, су құбырларын жөндеу), белгіленген әлеуметтiк және мәдениет объектiлерiн жөндеу, қалпына келтіру және құрылысына қатысу, көпшілікқолды спорт объектілері мен алаңдарының құрылысын жөндеуге қатысу, республикалық және аймақтық қоғамдық компанияларына (қоғамдық пікір сауалдамасы, халық, мал санағына қатысу) көмек көрсету, иесіз бос тұрған белгіленген қоғамдық, әлеуметтік және мәдени объектілерді күзету
340,0
10
10
Аудандық бюджет
2
"Ақжар ауылы әкімінің аппараты" ММ
476,0
14
14
3
"Май селолық округi әкімінің аппараты" ММ
612,0
18
18
4
"Қаратерек селолық округi әкімінің аппараты" ММ
952,0
28
28
5
"Майтүбек ауылы әкімінің аппараты" ММ
1360,0
40
40
6
"Қазан селолық округi әкімінің аппараты" ММ
782,0
23
23
7
"Саты селолық округi әкімінің аппараты" ММ
680,0
20
20
8
"Малайсары селолық округi әкімінің аппараты" ММ
544,0
16
16
9
"Кеңтүбек селолық округi әкімінің аппараты" ММ
1054,0
31
31
10
"Көктүбек селолық округi әкімінің аппараты" ММ
4535,0
73
73
11
"Баскөл селолық округi әкімінің аппараты" ММ
918,0
27
27
Барлығы:
12253,0
300
300
📌 Ескерту. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.

Қолданыстағы