О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аксуского региона в 2010 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аксуского региона в 2010 году
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылы Ақсу аймағының елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 191/23
- Қабылданған күні
- 11.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2014 AI51367_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PB000131
- ЭКБ идентификаторы
- 51367
- Редакция идентификаторы
- AI51367_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:03
0 2010 жылы Ақсу аймағының елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" № 183 қаулысына сәйкес, облыстық мәслихаттың (IV сайланған XXII кезектен тыс сессиясы) 2010 жылғы 3 ақпандағы "Облыстық мәслихаттың (IV сайланған XXI сессиясы) 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" № 259/21 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 265/22 шешімі негізінде, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 70 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы, қосымшаға сәйкес, берілсін.
2 2. Айлық есеп көрсеткіші алты жүз отыз есе мөлшерден аспайтын сомада бюджеттік несие түрінде тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5 Ақсу қалалық мәслихатының
(IV сайланған XXIII кезектен тыс
сессиясы) 2010 жылғы 12 ақпандағы
№ 191/23 шешіміне
қосымша
Елді мекеннің атауы
Саны
1 адамға төленетін сома (теңге)
Жалпы сома (теңге)
Ақсу аймағы
17
70 АЕК (98910)
1681470