"Жастар практикасын" ұйымдастыру мен өткізу мақсатында Ақсу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі 2010 жылы көрсетілетін қосымша қағидасын іске асыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "Жастар практикасын" ұйымдастыру мен өткізу мақсатында Ақсу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі 2010 жылы көрсетілетін қосымша қағидасын іске асыру туралы
- Атауы (қаз.)
- "Жастар практикасын" ұйымдастыру мен өткізу мақсатында Ақсу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі 2010 жылы көрсетілетін қосымша қағидасын іске асыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 75
- Қабылданған күні
- 22.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2011 · қолданыстағы 51415_192005.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DD000106
- ЭКБ идентификаторы
- 51415
- Редакция идентификаторы
- 51415_192005
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:59
0 "Жастар практикасын" ұйымдастыру мен өткізу мақсатында Ақсу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі 2010 жылы көрсетілетін қосымша қағидасын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Жастар практикасын" ұйымдастыру мен өткізу мақсатында Ақсу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі 2010 жылы көрсетілетін қосымша шаралардың қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. "Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Бекбаланов Қайрат Тынбайұлы:
1 1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жоғары оқу орындарының, колледждердің және кәсіптік лицейлердің түлектерінің арасында жастар практикасынан өтуін ұйымдастырсын;
2 2) жұмыссыз жастарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жастар практикасын ұйымдастыру жөнінде келісім жасасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
7 Ақсу ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 22 ақпандағы
N 75 қаулысына
қосымша
"Жастар практикасын" ұйымдастыру мен өткізу мақсатында Ақсу
ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі 2010 жылы
көрсетілетін қосымша қағидасы
Ақсу ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар, жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен тәжірибесін арттыру мақсатында әзірленген.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру (бұдан әрі - жастар практикасы) азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бір бағыты және олардың жұмысқа орналасуына қосымша ықпал жасау болып табылады.
2
2. Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі -Бөлім) жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітіріп, кәсіби мамандық алған жұмыссыз жастарды өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтауға, еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатын жастар практикасын өткізеді.
3 3. Жастар практикасы меншік түрінен қарамастан кәсіпорындарында, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі - жұмыс беруші) ұйымдастырылады.
4 4. Жастар практикасын ұйымдастыру мен бақылауды бөлім жүргізеді.
2 2. Жастар практикасын ұйымдастыру
Жастар практикасын ұйымдастыру кезінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі: