Об определении целевых групп населения на 2010 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения на 2010 год
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 63
- Қабылданған күні
- 01.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2013 AI51471_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10NL000134
- ЭКБ идентификаторы
- 51471
- Редакция идентификаторы
- AI51471_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:53
0 2010 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 5-бабының 2-тармағына және 7-бабына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарабалық ауданының аумағында тұратын нысанды топтарға жататын тұлғалардың келесі тізімі анықталсын:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалар ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
13 13) он екі және одан артық ай ұзақ жұмыссыздықты бастан кешірген адамдар;
14 14) техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерді бітірген соң еңбек өтілі жоқ бітірушілер.
2 2. Осы қаулының қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
19 Қарабалық ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі
Әкімдіктің
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 63 қаулысына
қосымша
Қарабалық ауданы әкімдігінің күші
жойылған кейбір қаулыларының тізімі
1 1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 18 "Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-92 нөмірі бойынша тіркелген, аудандық "Айна" газетінің 2009 жылғы 20 ақпандағы ақпараттық бюллетенінде жарияланған) қаулысы.
2
2. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 142 "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 18 "Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-114 нөмірі бойынша тіркелген, 2009 жылғы 21 мамырдағы № 20 аудандық "Айна" газетінде жарияланған) қаулысы.
3
3. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 277 "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 18 "Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-123 нөмірі бойынша тіркелген, 2009 жылғы 19 қарашадағы № 46 аудандық "Айна" газетінде жарияланған) қаулысы.