Ауданда әлеуметтік жұмыс орындары 2010 жылы ұсынатын немесе ашатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ауданда әлеуметтік жұмыс орындары 2010 жылы ұсынатын немесе ашатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Ауданда әлеуметтік жұмыс орындары 2010 жылы ұсынатын немесе ашатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 55
- Қабылданған күні
- 01.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2011 · қолданыстағы 51491_205146.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10CG000088
- ЭКБ идентификаторы
- 51491
- Редакция идентификаторы
- 51491_205146
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:53
0 Ауданда әлеуметтік жұмыс орындары 2010 жылы ұсынатын немесе ашатын
кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңының 5, 7, 18-1 баптарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса беріліп отырған, 451002102 бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландырылатын халықты жұмыспен қамту саласында, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы немесе ашушы кәсіпорындармен ұйымдардың тізбесі бекітілсін (1 қосымша).
2 2. Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар аясында бір жұмыс орынына ай сайын төлем ақы көлемі жергілікті бюджеттен 15 000 теңге бөлінсін.
3 3. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не (Я. Назаров) әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы немесе ашушы қәсіпорын және ұйымдармен келісім-шарт негізінде мақсатты топтардан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін оларға жолдамалардың берілуін қамтамасыз етсін.
4 4. Кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары өкілетті органның жолдамасы бойынша тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыз азаматтардың жұмысқа қабылдануларын қамтамасыз етсін.
5
5. Аудан әкімдігінің "Аудан әлеуметтік жұмыс орындарын 2009 жылы ұсынатын немесе ашатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 23 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 2 наурызда N 3-7-63 болып тіркелген 2009 жылғы 12 наурызда "Қобда" газетінде N 10 санында жарияланған) және Аудан әкімдігінің "2009 жылғы 21 қаңтардағы "Аудан әлеуметтік жұмыс орындарын 2009 жылы ұсынатын немесе ашатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесін бекіту туралы " N 23 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 28 мамырдағы N 103 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 19 маусымда N 3-7-69 болып тіркелген 2009 жылғы 2 шілдедегі "Қобда" газетінде 2009 жылғы 2 шілдедегі N 26 санында жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Елеусіноваға жүктелсін.
7 7. Осы қаулы аудандық әділет басқармасында тіркеліп алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Аудан әкімдігінің
"1" ақпандағы 2010 жылғы
N 55 қаулысына 1 қосымша
Ауданда 2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын немесе ашатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі.
Қ/С
Р/С
Жұмыс беруші
кәсіпорындар
мен ұйымдардың
атауы
Басшының тегі, аты-жөні
Жұмыс
берушінің
сұранысы
бойынша
уақыты
(ай)
Ашылатын
әлеуметтік
жұмыс
орындарының
саны
Қобда ауылдық округ бойынша
1
1
"Қобда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-нің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қобда суы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Родионов Виктор Петрович
6
5
2
2
Қобда аудандық орталық ауруханасы
Оразаев Аккали Жексембайұлы
6
2
3
3
"Бестөбелес" шаруа қожалығы
Темірбаев Бағдат Абатұлы
6
4
4
4
"Нұр - МТС" шаруа қожалығы
Исмағамбетов Нұрлан Құрметұлы
6
3
5
5
"Утенов Ж.К." жеке кәсіпкер
Утенов Жасұлан Кенжетайевич
6
3
6
6
"Жұлдыз - 2" шаруа қожалығы
Абдуллин Аманжол Калиаскарович
6
3
Барлығы:
20